- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде қандай өзгерістер болады
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесінде қандай өзгерістер болады
Министр Денсаулық сақтау саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасын іске асырудың негізгі бағыттары туралы мәлімдеді.
«Қоғамдық денсаулық сақтау қызметі ашылды, 11 аймақта денсаулық сақтау басқармалары жанынан қоғамдық денсаулық сақтау бөлімдері құрылды.МСАК деңгейінде алты жасқа дейінгі балаларға көрсетілетін медициналық қызмет сапасын жақсарту және жалпы практика дәрігерінің жүктемесін төмендету мақсатында педиатриялық учаскелерді қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде. Жалпы биыл республика бойынша 23 педиатриялық учаске ашылды, жыл соңына дейін тағы 84 осындай учаске ашу жоспарланып отыр. 2018 жылы оқуды бітіретін интерн педиатрларды есепке алғанда, тағы 230 педиатриялық учаске ашу, 2019 жылдан бастап 2024 жыл аралығында жыл сайын 500-ден астам педиатриялық учаске ашу көзделген. Осылайша, 2024 жылға қарай педиатриялық учаскелерге деген қажеттілікті 100% қамтамасыз ету жоспарланып отыр», - деді министр.
Бұдан өзге, созылмалы аурулармен ауыратын пациенттерді белсенді түрде қадағалап-қарауға негізделген ауруларды басқару бағдарламасын енгізу бойынша жоба жүзеге асырылуда. Биыл жоба барлық 16 өңірде іске асырылды, жобаға қатысатын науқастардың саны екі есеге ұлғайды.
«Жедел медициналық көмек көрсетуді жетілдіру және ЖМК қызметінің жұмысындағы проблемаларды шешу мақсатында жедел және кезек күттірмейтін медициналық көмек көрсетуге сараланған тәсілді көздейді. Жеделдік санатына байланысты көмектер оңтайландырылған және симптомдары бойынша топтастырылған», - деді Е.Біртанов.
Қабылдау бөлімшелерінің деңгейінде қабылдау бөлімшесінің дәрігері («emergency doctor») деген жаңа дәрігер мамандығы енгізілетін болады, ол шұғыл медициналық көмекті дер уақытында көрсетіп, қажет болған жағдайда бастапқы реанимациялық және басқа да шараларды пациенттің жағдайы тұрақталғанға дейін жүргізетін болады.
«Ұлттық дәрі-дәрмек саясатын іске асыру аясында бүгінде 53 ұзақмерзімді шарт жасалды, оның ішінде 24-іне биыл қол қойылды. Бірыңғай дистрибьютордың жалпы сатып алуында отандық өндірушілердің үлесі нақты мәнінде 75%-ды, ақшалай мәнінде 30%-ды құрады. Дәрі-дәрмектердің 175 атауына 23%-ға баға төмендетілді. Амбулаториялық деңгейде шамамен 2,5 млн науқас дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етілді, 2018 жылы 3,8 млн науқасты қамтамасыз ету көзделген», - деді ол.
Міндетті медициналық сақтандыру жүйесін енгізу саласында 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап жұмыс берушілердің аударымдары және жеке кәсіпкерлердің жарна төлеуі басталды.
«Жеке жеткізушілер үшін кедергілерді жою мақсатында 2018 жылға медициналық қызметтерді сатып алу бойынша шаралар жүргізілуде. Денсаулық сақтау субъектілерінің мәліметтер базасы қалыптастырылды – 1 519, оның ішінде жеке жеткізушілер саны – 686.Сонымен қатар министрлік өңірлермен бірлесіп Денсаулық сақтау саласының инфрақұрылымын дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын әзірлеуде, онда желіні трансформациялау қажеттілігі, инфрақұрылымды жаңарту және ресурстарды тиімді пайдалануды ескерумен медициналық кадрларды дайындау қарастырылады», - деді министр.
Инфрақұрылымды дамытудың бірыңғай перспективалық жоспарын қабылдау және іске асыру 2017-2025 жылдар аралығында 11,2 млрд теңге көлемінде қаражат үнемдеуге мүмкіндік береді деп болжанған.
Профессорлық-оқытушылық құрамының біліктілік деңгейін арттыру мақсатында Қарағанды мемлекеттік медицина университетінің базасында Инновациялық технологиялар трансферті орталығы құрылды, оқытушылардың әлеуетін одан әрі арттыру жоспары әзірленді, даярлау және біліктілікті арттыру бағдарламалары қайта қаралды.
Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында 2018 жылдан бастап медициналық құжаттаманы қағазсыз жүргізуге көшу жөніндегі пилоттық жобаны енгізу жоспарланып отыр. 2017 жылдың бірінші жартыжылдығының қорытындысы бойынша денсаулық сақтау ұйымдарын компьютерлік техникамен жабдықтау республика бойынша орта есеппен 74,4%-ды құрады, 2017 жылдың басында бұл көрсеткіш 34,3 %-ды құраған еді.
«Республиканың медицина ұйымдарының 53%-ына интернет желісі қолжетімді, аталған көрсеткіш жыл басында 47%-ды құраған. 2020 жылға қарай АДА (ауылдық дәрігерлік амбулатория) деңгейіне дейін барлық медициналық ұйымдар интернет желісіне қосылады», - деді министр.
Қайрат Жандыбаев
-
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Ревакцинация: Қандай екпені салдырған дұрыс -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері