- Басты
- Жаңалықтар
- Үкіметте Астананың азық-түлік белдеуін дамытудың жол картасы бекітілді
Үкіметте Астананың азық-түлік белдеуін дамытудың жол картасы бекітілді
Спикердің айтуынша, қаланың жеке өндірісі Астана халқының ұнға, макарон өнімдеріне, нан мен жармаға деген қажеттілігін жабады. Елорда тұрғындарын отандық азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету мақсатында азық-түлік белдеуі аймағында қажетті өндірісті құру, республиканың өзге өңірлерінен өнімдерді тұрақты түрде жеткізіп тұруға жағдай жасау және астананың сауда инфрақұрылымын дамыту бойынша міндеттер қойылды.
Primeminister.kz хабарлағандай, Үш аймаққа бөлу арқылы Қарағанды облысының жақын орналасқан төрт ауданының және Ақмола облысының барлық аудандары өндірісінің әлеуетіне талдау жүргізілді. Бірінші аймақ 100 шақырым радиуста, екіншісі — 200 және үшіншісі — 300 шақырым.
Екі облыстың әкімдіктеріне арналған жол картасында әртараптандыруды есепке алғанда 2018 жылға арналған егіс алқаптарының қажетті құрылымы анықталған. 300 шақырым радиустағы аудандардың қой еті өндірісінің көлемін қажеттіліктің 60%-на дейін ұлғайту әлеуеті бар. Ал шұжық өнімдерін, өңделген сүт, сары май, ірімшік және сүзбе көлемін қажеттіліктің 50%-на дейін ұлғайту әлеуеті бар. Ет өңдеу бойынша жалпы қуаттылығы 28 мың тонна және жүктемесі 72% болатын 24 кәсіпорын қызмет көрсетеді. Жылына 90 мың тонна сүт өндіру қуаттылығын ескергенде, азық-түлік белдеуінің 20 сүт зауыты бойынша жүктеме 55%-ды құрайды. Сондай-ақ, мұнда өндіріс көлемін ұлғайту бойынша нақты индикаторлар қойылған.
Бірінші вице-министрдің айтуынша, өңдеу кәсіпорындарына шикізат беруді ынталандыру үшін ұсақ және орташа шаруашылықтарды ауыл шаруашылығы кооперативтеріне біріктіру жұмыстары жалғастырылып жатыр. Қазақстанның өзге өңірлерінен жетіспейтін азық-түлік түрлерін жеткізуді қоса алғанда, Астанаға азық-түлік жеткізу жұмыстарын ынталандыру үшін заңнамалық деңгейде «Астана қаласының азық-түлік белдеуіне қатысушы» статусы бекітіледі. Ол ауыл шаруашылығы өндірушілеріне белгілі-бір жеңілдіктер алуға мүмкіндік береді.
Сауда инфрақұрылымын кеңейту бойынша үшінші міндетті іске асыру үшін Астана қаласында жыл соңына дейін 50 модульдік сауда павильоны іске қосылады. Осы мақсаттарға орай, елорда әкімдігі жер телімдерін бөліп, «Көше саудасын дамыту» бағдарламасы аясында 90 млн теңге көлемінде инвестициялар тартты.
«Жалпы, Жол картасын іске асыру Астана қаласының халқын «баға–сапа» тепе-тең қатынасы бойынша қажетті азық-түлік көлемімен қамтамасыз етеді», — деді Қ. Айтуғанов.
Айта кетейік, ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитетінің деректеріне сәйкес, 1 маусымдағы жағдай бойынша Астана қаласының аумағында 1 002,8 мың адам тұрады. Аталған халық қажеттілігін азық-түлік өнімдерін тұтынудың минималды нормаларына сәйкес қанағаттандыру үшін 617,2 мың тоннаға жуық негізгі азық-түлік тауарлары қажет.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
Қиын жағдайға тап болған көп балалы отбасыларға көмек беру жолдары қандай -
Тимур Мұратов жолдау, қалалалық денсаулық сақтау саласы және кадр тапшылығын азайту шаралары туралы -
Президент жолдауынан басталған игі істер -
Жолдау-2021: Ластану деңгейі жоғары 10 қаладағы атмосфералық ауаны жақсарту шаралары -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы