• Басты
  • Қазақстан мен Хорватия дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтуде

Қазақстан мен Хорватия дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтуде

10 Қазан, 2017 15:56
Қазақстан мен Хорватия дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтуде, деп хабарлады Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

Загреб қаласында Қазақстан мен Хорватия арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың 25 жыл толуына орай Қазақстан-хорват достастығының отырысы өтті. Дөңгелек үстелде хорватияның қоғам қайраткерлері, білікті ғылым және мәдениет өкілдері қатысты.

Аталған кездесуді аша отырып, Қазақстан-хорват достастығының төрағасы Андрия Карафилипович, екі ел арасындағы дипломатиялық қа­рым-қатынастардың дамуына жоғары баға бере келіп, сондай-ақ, 25 жылдың ішінде мәдени, гуманитарлық және білім мен инновациялар саласын­дағы қарым-қатынас нығая түскені туралы айтты. Әсіресе, соңғы жылдарда екі ел арасындағы мәдени қарым-қатынастарының нығайтуына күш салған Қазақстан-хорват достастығының рөлін атап өтті.

Сонымен бірге, Қазақстан-хорват достастығының мүшесі Алия Поздерац өз сөз сөйлеуін жылы сөздерден бастап, Қазақстанның тәуелсіздік жылдарындағы жетістіктерге жоғары баға беріп, еліміздің дамуы мен өркендеуіне ерекше үлес қосқан Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың жоғары саясатын, өз кезіндегі АҚШ-ты құруға күш салған Абрахам Линкольнің саясатымен теңестірді. А. Поздерац достастығының жұмысын екі елдің мәдени және гуманитарлық байланыстардың ұлғайтуына, сондай-ақ студенттер мен жастар арасындағы қарым-қатынастардың дамуына күш салу керектігіне назар аударды.

Қазақстанның Хорватиядағы Елшісі Төлежан Барлыбаев екі ел басшылардың арқасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық, консулдық-құқықтық және туристік салалардағы ынтымақтастықты нығая түскеніне назар аударып, Қазақстан мен Хорватия БҰҰ, ЕҚЫҰ шеңберіндегі терроризммен күрес, ядролық қарусыздану және таратпау секілді негізгі мәселелерде ұқсас ұстанымдарға біркелкі саясаты туралы да атап өтті.

Соңында, қазақстан-хорват достастығының мүшелері екі ел арасындағы болашақта қоғамдық, мәдени және гуманитарлық салаларындағы қарым-қатынастарын нығайтуға бағытталған жалпы жоспарды бекітті.

 

 

Барлық жаңалықтар