- Басты
- Жаңалықтар
- Шығыс Қазақстанда медициналық робот техникасы орталығы ашылмақ
Шығыс Қазақстанда медициналық робот техникасы орталығы ашылмақ
Шығыс Қазақстанда денсаулық сақтау саласын дамытуға бағытталған үшжылдық кешенді жоспарға сәйкес, өңірдегі медициналық мекемелер заманауи құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
Алдағы таңда межеге алынған жоспарлардың бірі – Қазақстандағы тұңғыш робот техникасы орталығын ашу.
«Дәрігерлер үшін жаңа мүмкіндіктерге бастайтын жоба. Олардың жоғары біліктілігі іс жүзінде тәжірибеде қолданылғаны қажет. Облыста сонымен қатар, трансплантология орталығын да ашу қажет», - деп атап өтті Даниал Ахметов.
ШҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, облыста онкология, қан айналым жүйесі аурулары, ана мен баланы қорғау, травматология сияқты маңызды бағыттар бойынша дәрігерлердің біліктілігін арттыруға бағытталған бағдарлама да жемісті нәтижесін беруде. 150 маман ағылшын тілін меңгеріп, олардың дені шетелдік жетекші оқу орындарында машықтанудан өтіп жатыр.
Даниал Ахметов атап өткендей, денсаулық сақтау саласына бөлінетін қаражат көлемі ұлғаймаса, қысқармайды. Бірнеше жылда Шығыста сапалы, жаңа бағыттағы медицина қалыптасады. Жаңа мекемелер ашылады, олардың ішінде Семейдегі ядролық медициналық орталық бар.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
Сотталғандарға қандай медициналық көмек көрсетіледі -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады