- Басты
- Жаңалықтар
- Жұмыспен қамту орталықтарының қызметі жетілдіріледі - ЕХӘҚМ
Жұмыспен қамту орталықтарының қызметі жетілдіріледі - ЕХӘҚМ
10 Қазан, 2017 15:32
Келер жылы еліміздегі мемлекеттік жұмыспен қамту орталықтарының қызметін трансформациялау көзделіп отыр. Бұл дегеніміз, енді жеке сектор да жұмыссыз азаматтарды оқытуға және кәсіби даярлауға, жұмысқа тартуға үлес қоспақ. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова Үкіметтің кезекті отырысында баяндады.
Енді аталған орталықтар мемлекеттік мекемеден шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорындарға айналмақ. Осылайша ұйымдастыру-құқықтық жүйені толығымен жергілікті атқарушы органдар анықтайтын болады.
Бұл ұсынылып отырған өзгерістер еңбек нарығындағы жұмыспен қамтуды ұйымдастырушы институттардың қызмет аясын кеңейтпек. Бәсекелестікті арттыра отырып, азаматтардың сапалы да қолжетімді қызмет алуына жағдай жасау көзделуде.
Естеріңізге сала кетейік, қазіргі таңда Қазақстанда 199 мемлекеттік, 46 жеке сектордағы жұмыспен қамту орталықтары жұмыс істейді. Сондай-ақ 11 интернет-портал жұмыспен қамту саласында белсенді қызмет етеді.
поделится:
ҰСЫНЫЛАДЫ
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
«Білімді ұлт»: Балаларды мектепке дейінгі тәрбие және біліммен қамту мәселелері -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ДСМ: Дәрігерлер жалақысы, дәрі-дәрмекпен қамту және елдімекендердегі медкөмек мәселесі -
Пандемия басталғалы өзін-өзі нәтижесіз жұмыспен қамту 37% -ға төмендеді -
Жем-шөппен қамту және егін жинау науқанына дайындық мәселелері -
Алматы: Тауар айналымы, жөндеу жұмыстары және халықты жұмыспен қамту мәселелері -
Қаржылық мониторинг агенттігінің қызметі мен Жас мамандар пулы жобасы -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Халықты әлеуметтік қолдау: Жұмысшылар құқығы, жұмыспен қамту және осал топтарды қолдау шаралары -
Жазғы демалыстағы балалар қауіпсіздігі: Шомылу, өрт қауіпсіздігі және жұмыспен қамту мәселелері -
Көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру қызметі әлі қолжетімсіз