- Басты
- Жаңалықтар
- Аустрияда Қазақстан Республикасының Құрметті консулдықтың ашылды
Аустрияда Қазақстан Республикасының Құрметті консулдықтың ашылды
Оның ашылу рәсіміне жергілікті үкімет және парламент мүшелері, өңірдің іскер және мәдени ортасының, консулдық корпустың, сондай-ақ бұқаралық ақпарат құралдырының өкілдері қатысты.
СІМ хабарлағандай, Қазақстанның Аустриядағы Елшісі Қайрат Сарыбай жаңа Құрметті консул Фридрих Флоймайрге консулдық патентті және Қазақстан Республикасының туын табыс етіп, қазақстан-аустриялық ынтымақтастықты кеңейту жолында сәттіліктер тіледі. Қазақстандық дипломат Павлодар облысы мен Жоғарғы Аустрия арасындағы орнатылған әріптестіктің зор мүмкіншіліктеріне назар аударды. Осыған орай ол аустриялық тарапты өзара әрекеттердің әр түрлі салаларындағы әлеуетті барынша белсенді дамытуға шақырды.
Жоғарғы Аустрия федералды жер Үкіметінің министрі Макс Хигелсбергер Линц қаласында Қазақстан Республикасы өкілдігінің құрылуын құптап, аталған федералды жердің Қазақстан өңірлері, соның ішінде Павлодар облысымен ынтымақтастық орнатуға қызығушылығын атап өтті. Ол жергілікті кәсіпкерлерді Құрметті консулдықтың мүмкіншіліктерін жаңа байланыстар орнатуға және бірлескен жобаларды жүзеге асыруда пайдалана отырып, Қазақстанмен кеңірек танысуға шақырды.
Жоғарғы Аустрия федералды жеріндегі Парламенттің 3-ші президенті Герта Вайкслер-Хауер Қазақстан өкілдігінің екі мемлекеттің іскерлер, білім және мәдени орталары арасындағы байланыс көпір ретіндегі тәжірибелік маңыздылығын айтты.
Сол өңірдің атақты кәсіпкері, Қазақстан Республикасының Құрметті консулы Фридрих Флоймайр жоғары сенім білдіргеніне алғысын білдіре отырып, екі елдің арасында достық қарым-қатынасты нығайтуға барлық күшін салатынын айтты.
Іс-шара аясында Қазақстан Республикасының Аустриядағы Елшілігі тарапынан жүргізіп жатқан «Қазақ Інжулері – Ұлы Дала cарыны» жобасы шеңберінде Аустрияның жоғарғы оқу орындарында білім алып жүрген Қазақстан Республикасының жас музыканттарының концерті ұйымдастырылды. Қатысушылар әлемдік классикалық музыка мен белгілі қазақ композиторларының туындыларын зор ілтипатпен қарсы алды.
Екіжақты қарым-қатынастарды одан әрі дамыту мәнмәтінінде Жоғарғы Аустриямен ынтымақтастықты дамытуға үлкен маңыз беріледі. Аустрияның солтүстігінде орналасқан Жоғарғы Аустрияда автомобиль өнеркәсібі және машина жасау, металлургия, химия, өндірісті пластиктер, қағаз, өңдеу өнеркәсібінің, басқа да салалары дамыған. Аустрия өндірісіндегі барлық өнеркәсіптің үштен бірі Жоғарғы Аустрияға тиесілі.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз» -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Жасыл Қазақстан»: Ауа сапасын жақсарту, биоалуантүрлілікті сақтау және экомәдениетті қалыптастыру