- Басты
- Жаңалықтар
- ҚР-дағы бензин тапшылығы: жұмыстан шығару мен сөгіс
ҚР-дағы бензин тапшылығы: жұмыстан шығару мен сөгіс
«ПМХЗ жөндеуі көктемнен күзге көшірілетіні алдын ала мәлім болған. Барлығы екі зауыттың жұмысы бірінен соң бірі тоқтатылатынын білді. Жағдайдың алдын алуға болатын еді – қандай көлемді қай өңірлерге жөнелту қажеттігі айқын болуы қажет, ол істі қыркүйекте бастау керек емес. Барлығы валюта бағамына сілтеу жасап, көршілердегі импорт үлесінің артуын сылтауратты. Мен бұнымен келісе алмаймын, бұл әрекетті қызметтік жауапкершіліктен тікелей бас тарту деп білемін. Ол үшін жауап беру керек», - деді Б.Сағынтаев.
Премьер-Министр Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың атына Нұрсұлтан Назарбаевтан сөгіс жариялауға өтінім жазатынын айтты.
«Үкімет мүшелерінің тәртіптік шараларына қатысты Елбасы шешім қабылдайтын болғандықтан, бүгін Елбасының атына Энергетика министрі Қанат Бозымбаевтың атына сөгіс жариялауға өтінім беремін. Ал, вице-министрлерге қатысты шешімді өзім қабылдайтын болғандықтан, энергетика вице-министрі Әсет Мағауовты орнынан босатамын. Кеңсе бүгін Үкімет шешіміне байланысты құжат дайындасын», - деді Үкімет басшысы.
Сондай-ақ, Үкімет басшысы «ҚазМұнайГаз» АҚ басқарма төрағасына тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялауды тапсырды.
«ҚазМұнайГаз» АҚ төрағасына өз міндетін атқармағаны үшін тәртіптік жаза ретінде сөгіс жариялауды тапсырамын. Сонымен қатар «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы басқарма төрағасының орынбасары Данияр Берлібаевты қызметінен босату туралы тиісті шараны жүргізуге тапсырма беремін. Өмірзақ Естайұлы, маған қолданылған тиісті шара туралы хабар беруіңізді сұраймын», - деді Үкімет басшысы.
Қайрат Жандыбаев
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Елордада электр энергиясын беру және бөлу тарифі төмендетілді -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады