• Басты
  • Диагностика неғұрлым ерте жасалса, ауруды емдеу соғұрлым жеңіл болады – Радиологтар
10 Қазан, 2017 11:11

Диагностика неғұрлым ерте жасалса, ауруды емдеу соғұрлым жеңіл болады – Радиологтар

Астанада Қазақ республикалық рентгенологтар мен радиологтар ғылыми қоғамының 40 жылдығына арналған VII Еуразиялық радиологиялық форумы ашылды. Радиологтар екі күн ішінде сәулелік диагностика технологиялары және әлеуметтік маңызы бар аурулар диагностикасының тиімділігін арттыру мәселелерін талқылайды.
Диагностика неғұрлым ерте жасалса, ауруды емдеу соғұрлым жеңіл болады – Радиологтар

Сондай-ақ осы форум профессор, радиология академигі Жанғали Хамзабаевтың 80 жылдығына орай жүргізіліп отыр. Биылғы жылы форумға 25 елден белгілі радиологтар, соның ішінде Оңтүстік Азия радиологтар қоғамының президенті, Еуропалық радиологтар қоғамының президенті келді.

Форумда әлеуметтік маңызы бар аурулар диагностикасының тиімділігін арттыруға ерекше көңіл бөлінеді.

Қазақстан радиология қоғамының президенті Раушан Рахымжанова форумның мақсаты қазақстандық радиологтарды әлемде қолданылып жүрген инновациялық технологиялармен таныстыру екенін айтты.

«Бізде барлық ірі медициналық орталықтар, қалалық ауруханалар радиологияда қолданылатын ең заманауи технологиялармен жарақтандырылған. Әлемдегі барлық заманауи әдістерді біз Қазақстанда да енгізіп жатырмыз. Біз Еуропалық радиологтар қоғамының толық мүшесіне айналдық», - деп атап өтті  Р. Рахымжанова.     

Қазақстан радиология қоғамының басшысы айтып өткендей, емнің сәтті болуының 90%-ы диагностикаға байланысты.    

«Бізде аурулардың 3 мыңға жуық бірлігі диагностикалануы мүмкін, рентген, УДЗ, МРТ сияқты барлық әдістер бір мамандыққа біріктірілген. Бізде рентген-радиологтар саласында 3 мыңға жуық маман бар. Онкологиялық аурулар проблемаларының бірі әлем бойынша бірінші орын алатын сүт безінің қатерлі ісігі. Біз осыған үлкен көңіл бөлеміз. Мемлекет скрининг үшін үлкен қаражат бөледі, бұл ерте диагностиканың негізгі міндеті болып табылады. Диагностика неғұрлым ерте жасалса, ауруды емдеу де соғұрлым жеңіл болады», - деп атап өтті ол.

Бұдан бөлек, форум аясында белгілі компаниялар әлемдік деңгейдегі өз өнімдерін ұсынған радиологиялық жабдық көрмесі ұйымдастырылды.

 

Ақбота Күзекбай

ҰСЫНЫЛАДЫ
Барлық жаңалықтар
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды