- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстан соңғы жылдары Тәжікстанның негізгі сыртқы сауда әріптестерінің үштігіне кіреді – Н.Сейтімов
Қазақстан соңғы жылдары Тәжікстанның негізгі сыртқы сауда әріптестерінің үштігіне кіреді – Н.Сейтімов

Ведомство хабарлағандай, биылғы сәуір айында «Экспорттық сақтандыру компаниясы «KazakhExport» АҚ қолдауымен қазақстандық автоөндірушілер («СарыарқаАвтоПром» және «Hyundai Trans Auto») және «Азия групп Таджикистан» холдингі арасында 2000 автомобиль (1000 «Peugeot 2012» маркісі және 1000 «JAC S3» маркісі) жеткізуге жалпы құны 24 млн. АҚШ долларын құрайтын келісімшартқа қол қойылған болатын.
Бұл іс-шараға Қазақстанның Тәжікстандағы Елшісі Нұрлан Сейтімов, Тәжікстан Республикасының Көлік министрі Худоёр Худоёрзода, Душанбе қаласы Төрағасының орынбасары Курбон Тагай Саидзода, сондай-ақ іскер, қоғамдық орталар мен БАҚ өкілдері қатысты.
Өз сөзінде Н. Сейтімов Қазақстан мен Тәжікстанның арасындағы өзара сауданың жоғары деңгейін атап өтті. Бұл орайда, Қазақстан соңғы жылдары Тәжікстанның негізгі сыртқысауда әріптестерінің үштігіне кіреді. 2017 жылы қаңтар-тамызда Қазақстан мен Тәжікстан арасындағы тауар айналымының көлемі 525,1 млн. АҚШ долларын құрап, ол 2016 жылдың сол кезеңімен салыстырғанда 29,7%-ға жоғары.
Сонымен қатар, Елші екі елдің шаруашылық субъектілері арасында Тәжікстанға қазақстандық тауарларды жеткізілімі кезіндегі кооперациялық байланыстарды арттырудағы «KazakhExport» ЭСК» АҚ маңызды рөліне назар аударды. Сондай-ақ, «KazakhExport» құралдары мен мүмкіндіктерін таныстырып, Елшілік тарапынан осы Компания мен тәжікстандық импортерлер арасындағы байланыстарды дамытуға қажетті жәрдем көрсетуге дайындығын білдірді.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды»
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды
-
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері
-
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі
-
Асқар Мамин: Қазақстан өз даму жолында сапалы серпіліс жасады
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды
-
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция
-
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды
-
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады
-
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді
-
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді
-
Сарапшылар: «Қазақстан студенттер альянсы» дайындаған рейтингтер сапасыз»
-
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді

