- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-да дәрігерлерге 1 миллион теңгеден беріледі
ОҚО-да дәрігерлерге 1 миллион теңгеден беріледі
Бұған дейін ауылды жерлерге барған дәрігерлерге 100 мың теңгеден бір реттік көмек беріліп келді.
Алайда бұл мәселе облыс әкімі Жансейіт Қансейітұлының қолдауымен қайта қаралып, облыстық мәслихаттың шешімімен ауылды жерлерде дәрігерлер тапшылығын төмендету мақсатында ауылды жерлерге жолданатын мамандардың әлеуметтің көмек пакетіне өзгерістер енгізілді. 2018 жылдың қаңтар айынан бастап ауылдық жерге жолданатын жас мамандар бір реттік 1 миллион теңге көмек алатын болады.
«1 миллион теңге дәрігерлерге Оңтүстік Қазақстан облысында ғана беріледі. Бірақ келісім бойынша ауылды жерлерге жұмысқа баратын мамандар бес жыл қызмет ету міндеттеледі. Бұған дейін бұл мерзім үш жыл болатын», - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, облыстың денсаулық сақтау саласында кешенді медициналық медициналық ақпараттық жүйе енгізілуде. Бұл мақсатта 8582 компьютерлік техника сатып алынған. Жылдың соңына дейін облыстың барлық медициналық ұйымдары 100% компьютерленеді. Бірыңғай сервер медициналық ұйымдарын пациент туралы электрондық ақпарат алмасу үшін байланыстырады.
Жинақ ақпарат автоматтандырылған түрде жергілікті атқарушы органдардағы ситуациялық орталыққта түседі. Қағаз түріндегі құжат айналымы азаяды, бұл өз кезегінде пациенттердің медициналық ұйымдары арасында бостан-бос жүруін едәуір қысқартады. Осылайша Оңтүстік тұрғындары республикада алғашқы болып электрондық денсаулық паспорттарын алады.
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
Миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина салдырды -
Елордада Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне 1 млн теңге көлемінде қаржылай көмек беріледі -
«Ashyq» мобильді қосымшасы: QR-код кімдерге беріледі, оны қайдан, қалай алуға болады -
COVID-19: Үндістанда ауырғандар саны 11 млн-нан асты, Финляндияда электронды сертификат беріледі -
Жәрдемақы: Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 32 млрд теңгеден астам қаражат төленді -
Зейнетақы төлемдерін пайдалану үшін өтініш қалай және қайда жіберіледі -
Қазақстандықтарға 334 млрд теңгеден астам қаражат жәрдемақы түрінде берілді -
Қандастарға шаруашылық үшін жер телімдері беріледі -
COVID-19: Дәрігерлерге өтемақы төлеу, кинотеатрлардың ашылуы, екінші тоқсандағы оқу форматы туралы -
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді -
Ауыл шаруашылығын дамыту: Жаңа зауыттар мен фабрикалар пайдалануға беріледі