- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үйлер салу жалғасуда
Ақтөбеде «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша үйлер салу жалғасуда
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, «Нұрлы жер» бағдарламасына сәйкес жеке құрылыс салушыларды баспана салуға ынталандырудың бір әдісі – несие бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау құралы болып табылады. 2017 жылдан бастап осы мақсатқа республикалық бюджеттен субсидиялауға қаржы бөлінді, онда қаржы агенті - «Даму» қоры.
Ақтөбеде «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында екінші құрылыс компаниясы, яғни «Хиба-Наз» ЖШС пайыздық мөлшерлемені субсидиялауға мүмкіндік алды. Сыйақы мөлшерлемесі жылына 14% құрайды, оның 7% -ы «Даму» қорымен субсидияланады. Несиелік желі «Банк ЦентрКредит» АҚ-да ашылды. Несие сомасы - екі жыл мерзімге 195 млн. теңге.
Құрылысты салушы бөлінген қаражатқа Ақтөбе қаласындағы жалпы ауданы 5121 м2 (81 пәтер) болатын бес қабатты көп пәтерлі тұрғын үйдің құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр.
Ақтөбе қаласындағы жаңа тұрғын үй кешені 2017 жылдың желтоқсан айында пайдалануға берілмек.
Еске салайық, «Нұрлы жер» бағдарламасы несиені жеке құрылыс салушыларға Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің 10,2% базалық мөлшерлемесінен аспайтын, субсидиялау туралы шешім қабылданған кезде 5% -дан астам мөлшерде сыйақы мөлшерлемесі бойынша беруді қарастырады. Қалған айырмашылықты құрылыс салушы өзі төлейді. Субсидия тұрғын үй құрылысымен айналысатын кәсіпкерлердің несиелері бойынша ұсынылады.
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
«Денсаулық» бағдарламасы: медициналық білім беруді жаңғырту мәселелері -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Орта Азия елдеріндегі көміртегі бейтараптығына қол жеткізу бойынша бірлескен іс-шаралар -
COVID-19: Әлемнің қай елдерінде балаларға вакцина салуға рұқсат етілді -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
«Болашақ» бағдарламасы стипендиаттарының тізімі жарияланды -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
І жартыжылдықта әлеуметтік төлемдер бойынша 390 мыңға жуық қызмет көрсетілді