- Басты
- Жаңалықтар
- Алматы облысында Көксу қант зауыты 5 күн ішінде 200 тонна қант шығарды
Алматы облысында Көксу қант зауыты 5 күн ішінде 200 тонна қант шығарды
Көксу зауытына барған Амандық Баталов инвесторлар жүргізген кәсіпорынның екінші жаңғырту кезеңінің нәтижелерімен танысты. Екінші жаңғырту кезеңінің қорытындылары туралы зауыт директоры Алтынбек Абатов хабарлады.
А. Абатовтың айтуынша, зауытқа германиялық, шведтік, украиндық жаңа құрал-жабдықтар орнатылған. Центрифугалар, вакуумдық аппараттар, бу стансалары ауыстырылып, тастан тазалаушы құрылғы қойылған. Технологиялық процестер толығымен автоматтандырылды. Соның нәтижесінде өткен жылы зауыттың өндірістік қуаты тәулігіне шамамен 1600 тоннаны құраса, биылғы жылы тәулігіне 2000-2200 тоннаға жетті. Сондай-ақ мазут тұтыну мөлшері 40 %-ға азайды. Облыс әкімі қызылша жинау алаңына да жаңа құрылғылар орнатылғанын көрді.
Мұнда шикізатты 5 қызылша түсіретін машиналар қабылдап алып, алаңға төгеді. Бұл машинаның 2-еуі – жаңа, германиялық техника. Жуық арада мұндағы техника тағы бір машинамен толықпақ. Соңғы 3 жылда инвесторлар зауытты жаңғырту жұмыстарына 3,5 млрд. теңге жұмсаған.
А. Абатовтың хабарлауынша, биылғы маусымда қант қызылшасын қабылдауды зауыт 20 қыркүйекте бастаған. Ал 5 қазанда маусымның алғашқы қанты өндірілді. Қазіргі кезде 44 мың тонна қант қызылшасы қабылданды. Жалпы зауыт 200-220 мың тонна қабылдауды жоспарлап отыр.
«Жаңа техниканың арқасында зауыт бір кезекте 6 мың тонна тәтті түбір қабылдай алады. Кеше ғана 4,5 мың тонна қабылданды», - деп атап өтті кәсіпорын директоры.
«Қазіргі кезде облыс бойынша қант қызылшасының өнімділігі гектарына 350 центнерден айналып отыр. Жекелеген шаруа қожалықтары әр гектарына 700-800 центнерден алып отыр. Қолда бар мүмкіндіктерді пайдалана отырып, топырақтың құнарлылығын, заманауи агротехнологияны есепке ала отырып, біз келесі жылы өнімділікті 400-450 ц/га дейін ұлғайта аламыз. Ал ирригациялық жүйелерді толық қалпына келтіргеннен кейін көрсеткіш 450-ден кем болмайды, әрі ол тұрақты көрсеткішке айналуы тиіс», - деді А.Баталов.
Жалпы Алматы облысының қантқа деген қажеттілігі жылына 37 мың тоннаны құрайды.
Биылғы жылы бұл қажеттілікті толықтай жабуға мүмкіндік бар: Көксу қант зауыты 20 мың тонна қант шығарса, Ақсу қант зауыты 10 мың тонна өндіруді жоспарлап отыр. Мұнан кейінгі кезеңде Ақсу қант зауыты толық қуатына шыққанда маусымына 300 мың тонна шикізат өндіре алады. Ал Көксу қант зауыты 250 мың тонна, одан әрі 300 мың тонна жобалық қуатына шығуға мүмкіндігі бар. Мәселен, өткен жылы 560 шаруа қожалығы қызылша өсірумен айналысса, биылғы жылы олардың саны 780-ге жеткен.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Жалға берілетін тұрғын үй: Алматылық жастар үшін талаптары қандай -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елордада құтқарушылар күні атап өтілді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
Қарттар күні: Зейнеткерлерді әлеуметтік қолдау шаралары -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
Алматыда мүмкіндігі шектеулі адамдарға қандай көмек көрсетіледі -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Алматыда мектептер мен балабақшалардың жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары