• Басты
  • Жаңалықтар
  • Д. Абаев Электр байланысын дамыту бойынша бүкіләлемдік конференцияға қатысты

Д. Абаев Электр байланысын дамыту бойынша бүкіләлемдік конференцияға қатысты

9 Қазан, 2017 18:57
Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев өзінің Буэнос-Айрестегі жұмыс сапарында, Электр байланысын дамыту бойынша бүкіләлемдік конференция шеңберінде екіжақты кездесулер өткізді.

Халықаралық электр байланысы одағының Бас хатшысы Х. Джаомен кездесті. Кездесуде Қазақстанның ауылдық елді мекендерін оптикалық-талшықты желілермен қамту мәселесі талқыланды.Сонымен қатар, Д. Абаев Жапонияның Ішкі істер және коммуникациялар министрлігінің Үйлестіру және халықаралық байланыс жөніндегі Вице-министрі Масахиро Томинагамен кездесті. Екіжақты кездесу барысында ақпарат, ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым және интернеттегі заңсыз контентке қарсы тұру мәселелері талқыланды. 

 «Жапония бұқаралық ақпарат құралдарын дамыту саласында мол тәжірибесі бар елдің бірі. Әсіресе бізді Жапонияның осы саладағы заңнамасын дамыту жолдары қызықтырады. Бүгін Жапонияның телеконтенті әлемде АҚШ-тан соң 2-ші орында тұр. Сондай-ақ біз, Жапонияның цифрлық хабар тарату саласындағы тәжірибесімен де танысқымыз келеді., - деді министр Д. Абаев.

Барлық жаңалықтар