- Басты
- Жаңалықтар
- Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «А» корпусына іріктеудің қалай өткені тралы айтып берді
Мемлекеттік қызмет істері агенттігінде «А» корпусына іріктеудің қалай өткені тралы айтып берді
«А» корпусының лауазымдарын қысқарту іріктеу процесіне әсер еткен жоқ. Ол бұрынғысынша қалды. Үміткерлер заңдарды білу бойынша тестілеуден, жеке біліктіліктерін бағалаудан, сондай-ақ логикалық ойлау қабілетін тексеруден өтеді. Заңдарды білу бойынша тестілеу қорытындылары бойынша оң нәтижелер алған үміткерлер уәкілетті комиссияларға әңгімелесуге жіберіледі», - деді А. Шаимова.
Конкурста 619 үміткердің арасында мемлекеттік қызметшілер ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік емес сектор өкілдері де болды.
«Олардың ішінде комитет төрағалары қызметіне – 80 адам, ал аудандар әкімдері қызметіне 472 адам үміткер болған. Өтінімдердің санына қарай, «А» корпусы институтына қызығушылықтың бұрынғысынша жоғары екенін байқауға болады», - деп атап өтті ол.
Айгүл Шаимованың айтуынша, Агенттік құжаттарды ағымдағы жылғы 15 қыркүйекке дейін қабылдаған.
«Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін біз оларды біліктілік талаптарына және қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестікке бағаладық. "Мемлекеттік қызмет туралы" заңда үміткерлер мемлекеттік қызметке түсе алмайтын шарттар көзделген. Егер үміткердің алынбаған соттылығы болса немесе мемлекеттік қызметке түсуге дейін үш жыл ішінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтары үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылса немесе қылмыстық сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін сотталған болса, ол мемлекеттік қызметке түсе алмайды. Сондай-ақ "А" корпусына іріктеу қағидаларында Ұлттық комиссияға тапсырылатын барлық құжаттардың белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс екені көзделген», - деді А. Шаимова.
Сонымен қатар, белгіленген талаптарды үміткерлердің барлығы бірдей сақтаған жоқ. Нәтижесінде, 99 үміткерге келесі кезеңге өтуден бас тартылды.
Сондай-ақ, Агенттік төрағасының орынбасары айтып өткендей, тестілеуді өткізер алдында Агентік пен оның аумақтық бөлімшелері үміткерлер үшін заңнама нормаларын түсіндіру курстарын ұйымдастырған.
Ақбота Күзекбай
-
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
Көлеңкелі экономикамен күрес: Президент тапсырмалары қалай орындалып жатыр -
Цифрландыру: Елімізде IT-индустриясы қалай дамып жатыр -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
Дәстүрлі форматта оқу процесі қалай өтіп жатыр