- Басты
- Жаңалықтар
- «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу қазақстандық студенттерге серпін берді
«ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысу қазақстандық студенттерге серпін берді
«Студенттер әлемнің әр түрлі елдерінің адамдарымен танысты, олармен қарым-қатынас орнатып, ой-өрістерін кеңейтті, өздерінің ғылыми жобаларын айқындады», — деді Гүлзат Көбенова.
Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Гаухар Ахметованың мәліметінше, аталған оқу орнынан халықаралық көрмеге ерікті ретінде 82 студент қатысқан. Олардың кейбіреуі супервайзер дәрежесіне ие болып, көрме мен Астана қаласының басшылығынан түрлі марапаттар алды.
«Оларда шетелден келген қонақтармен ағылшын, француз, неміс тілдерінде сөйлесуге тамаша мүмкіндік болды. Олар одан әрі дамуға жақсы серпінге ие болды», — деді Гаухар Ахметова.
Сондай-ақ, ол С. Торайғыров атындағы ПМУ өз-өзін студенттік кәсіпкерлік белсенді дамып келе жатқан университет ретінде көрсеткенін айтты. Сондықтан, студенттерде жасыл технологиялар саласында стартап-идеялар қалыптастыру бойынша жаңа қабілеттер пайда болды.
Бұдан өзге, түрлі университеттермен бірнеше келісімдер жасалды. Мысалға, Нанкин университетімен техникалық бағыт және халықаралық бизнес аясында оқытудың ықпалдастырылған бағдарламалары, ғылыми семинарлар бойынша.
«Студенттерде біртұтас дүниетаным қалыптасты және ұйымдастыру қабілеттері, көшбасшы қасиеттері, Отанға деген құрмет пен патриоттық сезімдері байқала бастады», — деп есептейді ректор.
Бұдан өзге, «Экспо-2017» еріктілері қатарында М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің 200 студенті болды.
«Барлығы Экспо-2017 көрмесіне біз 500 еріктіні дайындадық. Олардың 200-і көрме жұмысына қатысты, қалғандары ОҚО кәсіпорындарына орналастырылды. Олар Экспо көрмесін аралған соң, біздің өңірге келген шетелдік қонақтарға көмектесті», — деді ОҚМУ ректоры Жұмахан Мырхалықов.
Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті «Экспо-2017» халықаралық көрмесіне 39 студентін жіберген.
«Экспо көрмесіне барып, оған тікелей атсалысқан профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер өздерінің инновациялық жобаларын дамытуға үлкен серпін алды. Олар өз жұмыстарын халықаралық стандарттарға сәйкес түзетеді. Жалпы алғанда, барлық алынған дағдылар зерттеу және білім беру процестерінде пайдаланылады», — деді ҚМТУ бірінші проректоры Аристотель Исағұлов.
-
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
30 қазақстандық компания «Жасыл кеңсе» конкурсының жеңімпазы атанды -
Халықты әлеуметтік қорғаудың қазақстандық моделі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Коронавирус штамдарының айырмашылығы қандай? Вирусолог ғалым жіктеп берді -
Үйде арнаулы әлеуметтік қызмет ала алатын қазақстандықтардың тізбесі кеңейтілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Үкіметаралық келісім шеңберінде қазақстандықтар қай елдерде тегін оқи алады -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
Сарапшылар пікірі: Оқушылар мен студенттерге қандай дағдыларды дамыту қажет -
Үкімет отырысында Тоқаев қандай тапсырмалар берді -
COVID-19: 4 млн-нан астам қазақстандық вакцина алды -
БҒМ: 330 қазақстандық шетелде тегін оқуға мүмкіндік алды -
Қанша қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина алды