- Басты
- Жаңалықтар
- ҚарМТУ мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ҚарМТУ мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды
ҚарМТУ хабарлағандай, «Экспо-2017» аясында ЖОО мен Анхальт қолданбалы ғылымдар университеті арасында академиялық және ғылыми алмасу саласында ынтымақтастық орнату, сондай-ақ, баламалы энергетика саласында бірлескен зерттеулерді дамыту бойынша меморандумға қол қойды.
Бұдан өзге, көрме қорытындысы бойынша, «Электр энергетикасы» мамандығының студенттері үшін арнайы лекциялар топтамасы әзірленді.
Олардың қатарында: «Экспо-2017 көрмесі аясында баламалы энергетика жетістіктерін қолдану перспективасы», «Энергиямен жабдықтаудағы күн жүйелерін қолдану бойынша Германия тәжірибесі», «Экспо-2017» аясында Еуропа елдеріндегі энергетика және оның даму жолы» және «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған заманауи энергия үнемдеу технологияларын Қазақстан жағдайында қолдану».
Visala фин фирмасының «Air Quality Transmitters» AQT 410, 420, WXT 530 әзірлемелерін мониторингтің автоматтандырылған жүйелері бойынша зерттеу базасын құру үшін магистратураның оқу процесінде қолдану көзделген, бұдан өзге оны «өмір сүру қауіпсіздігі және қоршаған ортаны қорғау», «құрылыс» және «көлік құрылысы» бағыттары бойынша мамандарды дайындауға қолдану жоспарда бар.
Сонымен қатар ИИДМБ-2 аясында бейінді магистратураның білім беру бағдарламаларына «Электр энергетикасы» және «Автоматтандыру және басқару» мамандықтары бойынша энергия үнемдеу және жаңартылатын энергия көздері бойынша жаңа пәндер енгізілді.
Сондай-ақ, «Экспо-2017» көрмесінде ҚарМТУ ғалымдарының үш инновациялық жобасы таныстырылды. Олар: ғимараттарды жылумен жабдықтаудың автономды жүйесіне арналған ГДЖ-45 гидродинамикалық жылытқыштар, ТКШ жүйесіне арналған кері қысымды бумен жұмыс істейтін электрлі жылытқыштар, сонымен қатар тау-кен-металлургия кешені кәсіпорындарына арналған, ток шығып кету қаупінен қорғайтын РУ-2М аппаратурасы. Іріктеу кезінде оларды кейін коммерцияландыру мен тәжірибелік қолдану әлеуетіне басымдық берілді.
Аталған әзірлемелердің бүгінде өндірісте шығарылып жатқаны аталып өтті. Мәселен, биыл ток шығып кету қаупінен қорғайтын 650 аппарат әзірленіп, еліміздің тау-кен өндірісі кәсіпорындарына жіберілген.
Сондай-ақ, Финляндия мен Словакияның өндірістік компанияларымен меморандумдарға қол қойылған.
Жалпы «Экспо-2017» көрмесінде ұсынылған ҚарМТУ әзірлемелері оқу процесіне белсенді түрде енгізіліп жатыр, онымен қоса тау-кен өндірісі кәсіпорындарында, еліміздің мемлекеттік және жекеменшік ұйымдарында қолданылып жатыр.
Бұдан өзге, ЖОО-ның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, жалпы 3 600 адам мен көрмеге қатысқан 39 ерікті баламалы энергия көзі саласында зерттеулер жүргізуге және жаңа технологияларды енгізу бойынша стартаптарды құруға мүмкіндік алды.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
ITEC: Оқу бағдарламасының мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері