- Басты
- Жаңалықтар
- ШОБ-ті дамыту- экономиканы дамытудың кепілі – Ж.Түймебаев
ШОБ-ті дамыту- экономиканы дамытудың кепілі – Ж.Түймебаев
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, құны 506 млн теңге болатын жобаның 300 млн. теңгесін кәсіпкер «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында алған. Мұнда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр.
Фабриканың жұмысымен танысқан облыс әкімі Ж.Түймебаев шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, бұл ел экономикасының дамуының кепілі екенін айтты.
«Жалпы өнеркәсіпті дамыту Елбасымыздың біздің алдымызға қойған міндетінің бірі. Бүгін міне, Сайрам ауданында қаншама тұрғынды жұмыспен қамтып отырған жаңа кәсіпорын ашылып отыр. Сонымен қатар, фабриканың ашылуымен ауданның өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі артатын болады. Сіздер өз сөздеріңізде фабриканың өнімі Италия жиһаздарынан кем болмайды дедіңіздер. Бұдан былай жұрт «Сайрам сапасы» деген терминді қолданатындай дәрежеге жетіңіздер»,-деген әкім кәсіпорынның жұмысшыларына сәттілік тіледі.
Мұндағы өнімнің сапасы жоғары сапалы неміс және итальяндық жабдықтары мен қазіргі заманғы материалдарды пайдалану арқылы қамтамасыз етіледі. Сондай-ақ, фабрика өнімдері сапа менеджменті мен экологиялық таза деген сертификатпен расталған. Бұдан бөлек, өндіріс орны итальяндық дизайнерлердің қатысуымен экологиялық таза материалдарды және сенімді компоненттерді пайдалана отырып, тұтынушыға тек жоғары сапалы жиһаз ұсынбақ.
«Bella Mebel» тауар белгісімен шығатын фабриканың өнімдерін алдағы уақытта еліміздің барлық аймақтарындағы жиһаз дүкендерінен сатып алуға болады.
Жалпы Сайрам ауданындағы өнеркәсіп құрылымының 86 пайызын өңдеу өнеркәсібі құраса, оның ішінде жиһаз шығару саласындағы үлесі 1 пайызды ғана құрайтын. Осы ретте, ауданда ашылып отырған жиһаз шығаратын фабрика өнім көлемін 600 млн.теңгеге дейін арттырып, өңдеу өнеркәсібіндегі үлесі 3 пайызға дейін артпақ.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Astana Hub: IT-стартаптарды дамыту, оқыту және қаржыландыру -
Өңірді дамытудың өзектілігі -
Цифрлы экономиканы дамытудағы деректерді өңдеудің өзектілігі -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Экспортты қолдау және электронды сауданы дамыту шаралары -
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Азық-түлік бағасының тұрақтылығын сақтау және қаржы нарығын дамыту -
Жолдау-2021: Экономиканың сапалы өсуін қамтамасыз ету шаралары -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
ХЖҚО жұмысын жаңғырту, Электронды еңбек биржасы мен ҰБЖ-ны дамыту -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
«Педагогтардың цифрлық құзыреттілігін дамыту» онлайн оқыту курсы басталды