- Басты
- Е.Тоғжанов әлемнің жетекші компанияларымен келіссөздер жүргізді
Е.Тоғжанов әлемнің жетекші компанияларымен келіссөздер жүргізді

Атап айтқанда, 2005 жылы негізі қаланған Дубайлық «DP WORLD» компаниясының өкілімен екі жақты келісімшарттың шарттары талқыланды. Бұл компаниямен облыс басшысы бұған дейін де бірнеше рет кездесу өткізген. Айта кетейік, шетелдік мекеме көп уақыттан бері әлемдік нарықта жүк тасымалдаумен айналысады.
Ал, малайзиялық «Reach Energy» компаниясы қара алтынды тиімді игеру бойынша алдыңғы қатарда келе жатқан мекеме. Аталмыш кәсіпорын мұнайлы өлкеде көгілдір отынды қайта өңдеп, оны сұйытумен айналысуға дайын екенін жеткізді. Егер екі жақты келіссөздер оң шешімін тапса, олар 2018 жылдың соңына дейін 55 мың тонна газ өндіретін болады.
Тағы бір малайзиялық «One Ocean Environment Sdn Bhd» компаниясы Маңғыстау өңірінде өз жұмысын бастауға дайын. Машинажасау және электртехника жабдықтарын орнату саласында 40 жылға жуық тәжірибесі бар мекеме. Компанияның қазіргі мақсаты облысымызда энергия көздерін тарту және су тұщыту саласы бойынша инвестиция салуды көздеп отыр.
«Saj Group» компаниясы түрлі салада қызмет көрседі. 17 жылдық тәжірибесі бар мекеменің Мысыр, Канада, Судан, Замбия және Қазақстанда бөлімшесі орналасқан. Мұнайхимия және мұнайды қайта өңдеумен айналысатын компания біздің өңірде тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдейтін зауыт салуға ниетті.
Облыс әкімі Ералы Тоғжанов келіссөз жүргізген «TECDRY» компаниясы өңірімізде құрылыс саласында жұмыс істегісі келетінін айтты. Өйткені, бұл компания әлемдік нарыққа мұнайхимия саласындағы қалдықтарды тазалау және түрлі салады жасыл технологияны енгізу бойынша тәжірибесі мол.
Ал, 2014 жылы құрылған түркиялық «Enerwo Energy» компаниясының бас директоры Огуз Зейрек өңір басшысына нақты жоспарымен таныстырды. Олар Маңғыстау облысында битум зауытын салу мақсатында келгенін айтты. Себебі, бұл аймақта жаңа бағыттағы жол құрылыстары салынуда.
Мемлекет тарапынан шетелдік инвесторларға жасалып жатқан жеңілдіктерді атап өткен халықаралық компания өкілдері Маңғыстау облысында жұмыс істеуге дайын екендерін жеткізді.
-
Қазақстан Беларусь авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді
Қазақстандық делегация Беларусь Республикасының авиация биліктерімен келіссөздер жүргізді.
03 Желтоқсан 2019, 16:14
-
Қ.Тоқаев пен С.Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сооронбай Жээнбеков шағын құрамда келіссөздер жүргізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
27 Қараша 2019, 17:12
-
Қ.Тоқаев Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцария Президенті Ули Маурермен шағын құрамда келіссөз жүргізді, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.
22 Қараша 2019, 14:39
-
Қазақстан мен БАӘ авиациялық келіссөздер жүргізді
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі "ашық аспан" режимінде Қазақстанға жаңа әуе компанияларды тарту бойынша жұмыс жүргізуде.
15 Қараша 2019, 12:05
-
Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады
Павлодар облысы кәсіпорындарының өнімдері әлемнің 40 мемлекетіне экспортталады. Бұл туралы Павлодар облысының әлеуметтік-экономикалық даму қорытындыларына арналған баспасөз мәжілісінде Павлодар облысының әкімі Болат Бақауов айтты.
14 Қараша 2019, 13:37
-
Ә.Смайылов: Бюджет қаражатын игермеген бағдарлама жетекшілері жауапқа тартылуы қажет
Бюджет қаражатын игермеген бюджеттік бағдарламалар жетекшілері жауапқа тартылуы қажет. Бұл туралы премьер-министрдің бірінші орынбасары - қаржы министрі Әлихан Смайылов үкіметте өткен жиында айтты, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
12 Қараша 2019, 11:58
-
А.Мамин Р.Ердоғанмен келіссөздер жүргізді
ҚР Премьер-Министрі Асқар Мамин Түркия Республикасына (ТР) жұмыс сапары аясында Президент Режеп Ердоғанмен және Вице-Президент Фуат Октаймен келіссөздер жүргізді, Қазақстан–Түркия үкіметаралық экономикалық комиссиясының ХІ отырысына, екіжақты бизнес-форумның ашылуына және түрік бизнесінің капитандарымен кездесуге қатысты.
12 Қараша 2019, 09:23
-
АХҚО Азияның жетекші төрелік институттарымен ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойды
Қазақстан АХҚО Халықаралық төрелік орталығының Төрағасы Барбара Доманн ханым Гонконгте және Қытайда дауларды шешу жөніндегі жетекші ұйымдармен ынтымақтастық туралы бес меморандумға қол қойды.
29 Қазан 2019, 11:14
-
Н.Нығматулин Парламентаралық одақтың Төрағасымен келіссөздер жүргізді
Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Сербияда өтіп жатқан Парламентаралық Одақ Ассамблеясының (ПАО)141-ші отырысы аясында беделді халықаралық ұйымның төрағасы Габриэла Куэвас Барронмен кездесті.
14 Қазан 2019, 11:20
-
Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достастық қарым-қатынаста – Елбасы
Қазақстан әлемнің барлық елдерімен достық қарым-қатынасын ұстанады. Бұл туралы ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Еуразия елдері парламенттері 4-кеңесінің бірінші пленарлық отырысында мәлімдеді, деп хабарлады Strategy2050.kz тілшісі.
24 Қыркүйек 2019, 10:55
-
Астана процесі: Сирия келіссөздерінің 13 отырысында талқыланған мәселелер
Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Сирия келіссөздерінің екінші отырысы өтті. 2017 жылдан бастап Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың қолдауымен Астана процесі басталған болатын. Бүгінгі отырыста Астана процесі аясында Сириядағы дағдарысты реттеу жөніндегі келесі халықаралық кездесу қазан айында өтетіні мәлім болды. Бұл туралы Астана процесінің 13-кездесуінде кепіл мемлекеттер - Иран, Ресей және Түркияның бірлескен мәлімдемесінде айтылды. Мәлімдеме 13 тармақтан тұрады.
02 Тамыз 2019, 18:01
-
AFD-2019 алғашқы жетістіктері – АХҚО-ға әлемнің 20 компаниясы тіркелді
Astana finance days форумының екінші күнінде аясында Ислам Даму Банкі тобының президенті, Еуропа Қайта Құру және даму банкінің президенті, ҚР-ның бірқатар министрлері және Қазақстан Республикасының Президенті Қасым - Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Астана халықаралық қаржы орталығының (АХҚО) жоғары алқалық органы-АХҚО басқару Кеңесінің отырысы өтті. Онда Астана халықаралық қаржы орталығының жылдық есебі ресми таныстырылды.
02 Шілде 2019, 19:42
-
Тоқаев Оңтүстік Корея басшысымен келіссөздер жүргізеді
Ақорданың баспасөз қызметі Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін шаралардың аңдатпасын жариялады.
19 Сәуір 2019, 10:48
-
Рухани жаңғыру: Қазақстан көрмелері әлемнің үлкен қалаларында қойылады
Еліміздің тарихында алғаш рет халықаралық өнер сахнасында ХХ ғасырдың 30 жылдарынан бастап қазіргі таңға дейінгі отандық бейнелеу өнері мен заманауи өнерге шолу жасайтын «Фокус Қазақстан» кең ауқымды жобасы іске қосылмақшы. Көрмелер мен тақырыптық шаралар 2018 жылғы 18 қыркүйек пен 2019 жылғы 3 наурыз аралығында Лондон (Ұлыбритания), Берлин (Германия), Джерси Сити (АҚШ) және Сувон (Оңтүстік Корея) секілді қалаларда өтеді.
05 Қыркүйек 2018, 17:56
-
Әлемнің барлық ядросыз аймақтары арасындағы ынтымақтастықты жандандыруымыз қажет – Қ.Әбдірахманов
Шолпан-Атада Орталық Азия елдері сыртқы саяси ведомстволары басшыларының кездесуі өтті. Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов, Қырғызстанның Сыртқы істер министрі Эрлан Абдылдаев, Тәжікстанның Сыртқы істер министрі Сироджиддин Мухриддин, Өзбекстанның Сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов және Түрікменстанның Сыртқы істер министрінің орынбасары Бердынияз Мятиев Орталық Азиядағы өңірлік ынтымақтастықтың мәселелерін талқылады.
23 Шілде 2018, 09:26
ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді
Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту
Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді
Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады
Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады
Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс
15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі
Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі
Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі
ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды