- Басты
- «Нұрлы жер»: Шымкенттік 675 отбасы баспаналы болды
«Нұрлы жер»: Шымкенттік 675 отбасы баспаналы болды

Нұрсәт шағын ауданындағы 35 пәтерлі қызметтік үй мен Тұран шағын ауданындағы бес қабатты 16 үйдің пәтер кілттерін облыс әкімі Жансейіт Түймебаев салтанатты түрде табыстады.
ОҚО әкімінің баспасөз қызметі хабарлағандай, қоныс иелерін құттықтаған аймақ басшысы халықты баспанамен қамтамасыз ету мақсатында қалада соңғы жылдары тұрғын үй салу жұмысы қарқын алғанын айтты.
Әкімшілік-іскерлік орталығында орналасқан 35 пәтерлі қызметтік үйді баспана кезегінде тұрған - мәдениет саласы, әскерилер мен мемлекеттік және бюджеттік қызметкерлер алды.
Ал, Тұран шағын ауданындағы 640 пәтерлі көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында «Бәйтерек Девелопмент» АҚ-ның есебінен салынған. Мұндағы 339 пәтер жергілікті атқарушы органдарда баспана кезегінде тұрғандар арасында бөлінді.
Оңтүстік Қазақстанда 2017 жылы 263 үйдің құрылыс жүргізіліп, жыл соңына дейін 116 үйдің құрылысы аяқталады. Осының нәтижесінде жыл соңында 6000 отбасы баспаналы болады.
-
Сайлау қорытындысы: Мәслихаттардағы мандаттар саны белгілі болды
-
Сайлау қорытындысы: Үш партияның Мәжілістегі мандаты белгілі болды
-
Жаңа жағдайдағы неке мен отбасы мәселелері
-
«Nur Otan» съезі: Сайлауалды бағдарлама қабылданып, кандидаттар тізімі белгілі болды
-
Әлемдегі эпиджағдай: Румыниядағы өрттен 10 адам қайтыс болды, ал Австрия екінші рет ұлттық локдаун енгізді
-
Қазақстанда жаңа Халық партиясы пайда болды
-
Қазақстандықтар үшін баспана алудың тиімді жолы қандай
-
«Нұрлы жол» бағдарламасы: Көлік-логистика инфрақұрылымының дамуы
-
«Birgemiz» қорынан 70 мыңнан астам отбасы атаулы көмек алды
-
«Nur Otan» партиясы мен «Birgemiz» қоры отбасыларға тағы 50 000 теңгеден береді
-
Бюджетті игермеген мемлекеттік органдар белгілі болды
-
PRIMERIES-2020 қорытындысы: қандай заң бұзушылықтар болды
-
«OTAUFEST» фестивалі: Жеңімпаз атанған жас отбасы әсерімен бөлісті
-
Отбасы күні: Ақпарат министрі мен қоғам белсенділері ұлттық тәрбие туралы сөйлесті
-
Отбасы беріктігі – мемлекет байлығы

