• Басты
  • Жаңалықтар
  • А.Әжібаев: «Қазмедиа Орталығында» әзірленетін өнім әлемге танымал болуы керек (ВИДЕО)

А.Әжібаев: «Қазмедиа Орталығында» әзірленетін өнім әлемге танымал болуы керек (ВИДЕО)

9 Қазан, 2017 12:17
Astana Media week медиа-апталығының қорытындысы туралы Ақпарат және коммуникация вице-министрі Алан Әжібаев Орталық коммуникациялар қызметінде мәлімдеді.

Вице-министр айтып өткендей, медиа-аптаға ұйымдастырылған 10 іс-шараның шеңберінде 2000-нан астам қатысушылар мен 103 спикер жиналды. Атап өтсек,  «Контент-маркет», Media Talks, PR күні, Astana Digital Forum, Аймақтық БАҚ форумы, Дипломатиялық корпус  өкілдеріне арналған  ашық есік күндері, Қазақтілді бАҚ-қа арналған  шеберлік семинары,  Коммуникациялық менеджмент туралы семинар,  продакшн-питчинг,  «Жылдың үздік баспасөз қызметі-2017» марапаттау рәсімі.

Айта кетейік, Контент-маркетке  7 шетелдік делегация қатысты.

«Біз жаңа продакшн-компанияларды аштық, олар ел аймағында  контентті әзірлейді. Шетелдік қонақтардың келуі біздің контентке деген қызығушылық барын көрсетеді. Тарихи түрде алғашқы қадам жасалды, Біздің телеарналардағы қазақстандық контент  Орта Азияның бірқатар елінде танымалдылыққа ие.  Осыған орай, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азияда нақтыланған  жобалар танымал. Нарық дегеніміз не? Нарық бәрінен бұрын қазақстандық өнімді тарту ғана емес, шетелдік  компаниялардың уақыт өте келе біздегі талантты тұлғаларды кездестіруі. Ең соңғы мақсат «Қазмедиа Орталығында» әзірленетін  нақты формат немесе  нақты бағдарламаның  бүкіл әлемге танымал болуында. Astana Media week басты міндеті – талантты адамдарды ашу», - деді АКМ вице –министрі.

Спикер Қазмедиа базасында құрылған  өңірлік медиа хаб туралы айтып өтті.

«Қазмедиада кез келген жоспардағы контент шығару мүмкіндігі бар. Бүгінгі таңда  «Қазмедиа Орталығында» батыстық компаниялар мен тілшілік пункттер бар.   Астана Азияның орталық  хабына айналады деген үміттеміз», - деді ол.

Айта кетейік, медиа-апта аясында 2017 жылғы 4 қазанда медиа саласының қатысушылары үшін «Контент-маркет» көрмесі өтті. Іс-шараға 25 республикалық және аймақтық телеарна, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен 100-ден аса продакшн-компаниялар қатысты. Жаңа телебағдарламаларды, реалити-шоуларды, мультфильмдерді, көркем және деректі фильмдерді ұсыну үшін питчинг ұйымдастырылды. Онда продакшн-студиялар инвесторлар мен сатып алушыларды табу мақсатында өздерінің эксклюзивті бейне контенттерін ұсынды.

Қазақстандық БАҚ, кино- және продакшн-студиялардан басқа «Контент-маркетке» құрметті қонақтары ретінде 7 шетелдік делегация келді.

Сонымен бірге, медиа-аптаның бірінші күнінде Media Talks талқылау алаңының жұмысы өтті. Онда 7 спикербейресми қалыпта өздерінің жетістіктерінің хиқаясы туралы айтып, кәсіби құпияларымен саланың қалыптасқан және жаңа бастап жүрген жұмыскерлерімен бөлісті.

2017 жылғы 5 қазанда ASTANA DIGITAL FORUM-ы өтті. Халықаралық конференцияға 23 спикер және әр саланың 300-дей өкілі жиналды.

2017 жылғы 5 және 6 қазанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен «Бас редакторлар клубы» ҚҚ, «Ел-шежіре» ҚҚ аймақтық БАҚ өкілдері үшін 8 семинар және тренинг ұйымдастырды.

2017 жылғы 6 қазанда «Аймақтық БАҚ форумы» өтті. Онда медиа саласының беделді сарапшылары медиа-контент сапасын көтеру мәселелерін, сонымен қатар БАҚ саласындағы заңнаманы талқылады. «Аймақтық БАҚ форумының» жұмысына барлығы 20-дан астам белгілі спикер мен еліміздің түкпір-түкпірінен 400 журналист қатысты.

Сонымен бірге 6 қазанда ең үздік баспасөз қызметін марапаттау рәсімі өтті.

Ақбота Күзекбай

Видео: Азамата Әлиев

Барлық жаңалықтар