- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда жұмыс берушілерге кадрларды іріктеу оңайлатылады
Қазақстанда жұмыс берушілерге кадрларды іріктеу оңайлатылады
«Жаңа Еңбек кодексінің негізгі принциптерінің бірі әлеуметтік диалог негізінде еңбек қатынастарын реттеу болып табылады. Еңбек қатынастарының жаңа моделінде мемлекетке еңбек стандарттарын белгілеу, қызметкерлерге өтемақы төлеуге кепілдік беру және олардың орындалуын бақылау функциялары жүктелген. Жұмыс берушілерге қызметкерлерді жалдау және жұмыстан шығару мәселелерін шешу, ішкі тәртіпті, еңбекақы төлеу шарттары мен нысанын белгілеу, еңбек қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қызметкерлерді өндірісті басқаруға тарту функциялары беріледі», - деді Т. Дүйсенова.
Министр ҚР Үкіметі 2021 жылға дейін аяқталуы жоспарланған еңбек стандарттарын кезең-кезеңмен жаңартуға кірісті.
«Өткен екі жыл ішінде қауіпсіздік пен еңбекті қорғау бойынша қолданыстағы 430 стандартты түгендеу жүргізілді. Бірінші кезең нәтижелері бойынша 122 еңбек стандарты және қауіпсіздік пен еңбекті қорғау жөніндегі 11 стандарт қайта қаралып, жаңа нормаларға сәйкес келтірілді. Еңбек шарттарын реттеу кеңейтілді, бұл көрсеткіш алдыңғы жылмен салыстырғанда 60 мыңға ұлғайды», - деп ақпараттандырды Т. Дүйсенова.
Сондай-ақ ол кәсіпорындарда еңбек дауларының алдын алу бойынша шаралар қабылданып жатқанын қосты.
«Біз жүргізіп жатқан мониторинг Еңбек тәуекелдері картасы негізінде ұйымдастырылған. Онда статистикалық деректер, сараптамалық бағалау мен сұрау нәтижелері жиналады», - деп атап өтті ведомство басшысы.
Министр хабарлағандай, Астана, Алматы, Павлодар және Шымкент қалаларында электрондық еңбек биржасы жұмыс істей бастады. Осылайша, кәсіпкерлер пилоттық режимде қызметкерлер құрамын жаңа электрондық форматта іріктей алады.
«Халыққа қызмет көрсету орталықтарына бармай-ақ, бос қызмет орындарын ұсынудың жаңа тәртібі енгізілді. Енді жұмыс беруші халыққа қызмет көрсету орталықтарына бос қызмет орындары туралы ақпаратты электрондық биржаның жеке кабинетінен жібере алады. Басқа қалаларда кәсіпкерлер мен ықтимал жұмысшылар қызметкерлер мен жұмысты онлайн режимінде тегін таңдап, іздей алады», - деп атап өтті Т. Дүйсенова.
Қайрат Жандыбаев
-
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
А.Цой: 17 қазаннан бастап вакцина алмағандар жұмысқа жіберілмейді