- Басты
- Жаңалықтар
- Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 10 мыңнан астам қарыз берді
Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры 10 мыңнан астам қарыз берді
«Осы жылдың 9 айында Қор тарапынан 39 миллиард теңгеге 10 мыңнан астам несие берілді. Жалпы, жылдың соңына дейін ауылдық шағын несиелеуге 41 миллиард теңге бөлу жоспарланған. Шарттар несие алушылар үшін өте тиімді: несиелеудің мерзімі – 6,5 жылға дейін, үстеме – жылдық 6% аспайды, тиімді сыйақы үстемесі – 6,7% дейін. Несиелеу мерзімінің үштен бір бөлігіне дейін жеңілдетілген мерзім бекітіледі», - дейді «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ басқарма төрағасы Жандар Омаров
2017 жылы Бағдарлама аясында ауылдық кәсіпкерлікті шағын неселеуге 16,5 млрд теңге бөлініп, бүгінгі таңда оның 15,7 млрд теңгесі берілген. Одан бөлек 24,5 млрд теңге республикалық бюджеттен және Қордың өз қаржысынан бөлінді.
Жалпы, осы жылы ауыл тұрғындары мен ауылшаруашылық тауар өндірушілеріне бөлінген қаржы 41 миллиард теңгені құрайды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 6 миллиард теңгеге артық.
Қазіргі таңда ауылшаруашылық кооперативтер мен олардың мүшелері белсенді қаржыландырылуда. Несиелер келесі бағыттар бойынша бөлінуде: «Ынтымақ» несиелік өнім аясында – ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімін шығару және сату жөніндегі кооперативтердің дамуына; «Береке» аясында - отбасылық мал бордақылау алаңдарына; «Игілік» бойынша - мал мен құстың басын сатып алу мен көбейтуге; «Ырыс» бйоынша - отбасылық сүтті-тауарлы фермаларға. Осы бағыттар бойынша кооперативтер мен олардың мүшелеріне 20 млр теңге бөлінді.
Қазіргі таңда Қор «Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлік» бағдарламасымен бөлінген қаражаттың 95 пайызын игерді. Қалған 4 пайызға өтінімдер тіркелуде.
-
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Ауыл әйелдерінің форумы: Әйел кәсіпкерлерді қолдау шаралары және грант алған жобалар -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
17 миллионнан аса адам санақ сауалдарына жауап берді -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Ж.Жабаевтың 175 жылдығы аясында жарық көрген 10 томдық жинақтың тұсауы кесілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді