- Басты
- Жаңалықтар
- Астанада Қоғамдық кеңестердің бірінші республикалық Мәжілісі өтеді
Астанада Қоғамдық кеңестердің бірінші республикалық Мәжілісі өтеді
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің басым бағыттарының бірі- азаматтық сектормен өзара әріптестік орнату болып табылады.
Кездесу барысында Нұрлан Ермекбаев аталған жұмыстың басты мақсаты– қоғам мен мемлекеттік органдар арасындағы байланысты нығайту және өзекті мәселелерді бірлесіп шешу екендігін айтты.
Мемлекет мен ҮЕҰ-дың өзара іс-қимылын қалыптастыру мақсатында әртүрлі сұхбат алаңдары және оның ішінде ауқымды болып саналатын Азаматтық форум және ҮЕҰ-мен өзара іс-қимылды үйлестіру жөніндегі кеңесінің отырыстары өткізіледі.
Сарапшылармен кездесу барысында олардың бірқатар маңызды ұсыныстары тыңдалып, ескерілетін болды. Қазіргі уақытта Министрліктің бастамасымен азаматтық сектор өкілдері халықты алаңдататын мәселелерге мониторинг жүргізуде.
Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі хабарлағандай, аталған жұмыстың қорытындысы бойынша барлық жиналған деректер Үкіметке жіберіледі және олар бойынша тиісті тапсырмалар берілетін болады. Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі осы тапсырмалардың орындалуына мониторинг және талдау жұмыстарын жүргізеді. Сондай-ақ Үкіметке жарты жылда бір рет есеп береді .
Шара соңында Нұрлан Ермекбаев сарапшылар қоғамдастығының өкілдерін осы жылдың 13 қарашасында Астана қаласында өтетін Қоғамдық Кеңестердің бірінші республикалық Мәжілісіне қатысуға шақырды.
Аталған кездесуге сондай-ақ, саясаттанушы Расұл Жұмалы, «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Берік Әбдіғали, «Мемлекеттік тілді дамыту» қоғамдық қорының басшысы Азат Шәуеев, «Қаһарман ұрпақ» қоғамдық қорының басшысы Қайрат Елубаев, «Ұлттық интернет ассоциациясы» төрағасы Серікқазы Қақыбаланов, қоғам белсендісі Мұхтар Тайжан қатысты.
-
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
Жалпыға бірдей декларация: Бірінші кезең нәтижелері және «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы -
«Ақын» фильмінің әлемдік тұсаукесері Токиода өтеді -
Президенттік жастар кадр резерві: Үміткерлерді іріктеу қалай өтеді -
COVID-19: Германия екпе алмағандарға шектеу шарасын енгізбек, ал Италия қоғамдық орындардағы шараларды күшейтпек -
30 жыл: «Қайырымды істер марафоны» жобасы аясында қандай іс шаралар өтеді -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Strategy2050.kz тілшісі «Заманауи білім» республикалық конкурсының жеңімпазы атанды -
ІІМ республикалық “Серт” байқауының жеңімпаздарын марапаттады -
2020 жылғы республикалық бюджеттiң атқарылуы: Пандемия қалай әсер етті -
Ұлттық компанияларда қоғамдық кеңестер құрылды -
2021-2023 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заң жобасының ерекшеліктері -
Мәжіліс отырысы: қашықтан жұмыс істеу, фeльдъeгepлік байланыс және жер қатынастары туралы Заңдар