- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жұмысын бастайды
Ақтөбе облысында «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» жобасы жұмысын бастайды
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, мамандар тобы Әйтеке би, Хромтау, Мұғалжар, Темір, Мәртөк, Қарғалы, Байғанин, Шалқар аудандарында бір ай көлемінде жұмыс жасайды. Әдеттегідей, халықпен жұмыс жасағанда маңызды әлеуметтік мәселелердің шешімін табу, діни экстремизмнің алдын-алу, мемлекеттік және салалық бағдарламалардың жүзеге асырылуын түсіндіру, сондай-ақ аймақтағы бизнес-ортаны дамыту басты назарда болмақ.
Бердібек Сапарбаев «Халық қауіпсіздігін қамтамасыз ету» аясындағы ақпараттық-түсіндірме топтарының қызметі 2016 жылы оң нәтижелерін бергенін атап өтті.
Жұмыс топтарының жетекшілері жоспарларланған шараларымен бөлісті. Жалпы саны 8000 адамды құрайтын дін жолындағы жастар, діни қауымдастықтар және түрмеден босатылған адамдарға арналған 120 іс-шара өткізілетін болды. Бұлар, негізінен, топтық және мақсатты кездесулер, семинарлар, мешіттерде жүргізілетін лекциялар. Шараларға 32 теолог ат салысады, оның 9-ы Астанадан шақырылмақ.
«Әлеуметтік мәселелерді шешу» бағыты бойынша Ақтөбе дәрігерлері 3 мыңнан астам адамға, соның ішінде 710 балаға дәрігерлік кеңес беріп, оқушыларды медициналық тексеруден өткізеді, 200 ультрадыбыстық зерттеулер жүргізеді және мобильді стоматологиялық қызметтер көрсетеді деп күтілуде. Еңбек ұжымдарында, мүгедектермен, аз қамтылған отбасылармен, шетелден келген қандастарымызбен, жұмыссыздармен кездесулерде еңбек заңнамасы, әлеуметтік қамсыздандыру мәселелері түсіндіріледі. 180 жұмыссыз жұмыспен қамтылып, әлеуметтік жұмыс орындарына, жастар тәжірибесіне, қысқа мерзімді тренингтерге жіберіледі.
Мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері кәсіпкерлікті дамыту, мемлекеттік қолдау шаралары, жастар үшін семинар-тренингтер, ауыл әкімдеріне арналған дөңгелек үстелдер сынды, бас аяғы 70 жинақтама секциялар жүргізетін болады. Мемлекеттік органдардың, қаржы институттарының өкілдері бизнестің маңызды мәселелерін шешу үшін кәсіпкерлерге жеке қабылдаулар мен кездесулер ұйымдастырмақ және сонымен қатар қаржы институттары 250 млн. теңгеден астам сомаға кемінде 60 жобаны қаржыландыруға дайын екендіктерін білдіріп отыр.
«Ақпараттық жұмыс» бағыты бойынша 94 елді мекенде 4 топ жұмыс істейтін болды. Олардың құрамына «100 нақты қадам» ұлт жоспары, «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласының басты бағыттары, міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізетін ардагерлер ұйымдарының, зиялы қауым, ҮЕҰ және жастар бірлестіктерінің 40 өкілі кіреді.
Жергілікті халықпен және ірі компаниялардың еңбек ұжымдарымен кездесу барысында 24 вахталық елді-мекенде діни экстремизм мен терроризмді болдырмауға бағытталған 30 бейнеролик көрсетіледі.
Сондай-ақ, аймақтағы жедел жағдайларды жақсарту бойынша шаралар қабылданатын болады. Осыған байланысты облыстың 35 мыңнан астам тұрғындарын қамтитын 440 мақсатты іс-шара өткізу жоспарланып отыр.
-
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Pfizer: «Препараттың қауіпсіздігіне алаңдауға не күмәндануға негіз жоқ» -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
«Ұлттық рухани жаңғыру» жобасы: бағыты, мақсаты мен міндеттері -
Тоқаев: Өңірлердегі ішкі саясат басқармасының жұмысын жандандыру қажет -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
А.Цой: «Салауатты ұлт» жобасы денсаулық сақтау жүйесін реформалауға мүмкіндік береді -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Жануарларды қорғау: Заң жобасындағы өзгерістер мен жануарларды ұстау кезіндегі қойылатын талаптар -
82 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Азаматтарды әлеуметтік қорғау: Заң жобасына енгізілген өзгерістер мен оның мүмкіндіктері -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды