- Басты
- Жаңалықтар
- Су ресурстарын есепке алатын геопорталды құру жұмыстары басталды – АШМ
Су ресурстарын есепке алатын геопорталды құру жұмыстары басталды – АШМ
Ведомство хабарлағандай, тартылудағы қарыздар есебінен суармалы жерлерді қалпына келтіру кезінде каналдарды орналастырудың және суды есептеудің заманауи технологиялары қолданылатын болады, бұл каналдар мен ирригациялық жүйелердің ПӘК арттыруға мүмкіндік береді, сондай-ақ су менеджментін және тариф бойынша төлемдердің жиналымдылығын іс жүзінде жақсартады.
Мысалға, ағымдағы жылы 35,4 мың га алаңдағы Алматы облысының және 101 мың га Оңтүстік Қазақстан облысының ирригациясы мен дренажын қалпына келтіру үшін «Қазсушар» РМК-на Суармалы жерлердің суаруын қалпына келтіру мақсатында, алаңы 92,7 мың Ақтөбе, Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарының су шаруашылығын және гидромелиоративтік жүйелерін қайта жаңғырту бойынша жобаны іске асыру үшін Еуропалық қайта құру және даму банкінен қарыз тарту туралы келісімге қол қойылды.
АӨК дамыту мемлекеттік бағдарламасында трансшекаралық өзендерді пайдалану, сұранысқа ие суармалы жерлерді қалпына келтіру, су қоймаларды қайта жаңғырту және салу мәселелеріне ерекше назар аударылды.
2017-2021 жылдарға арналған Қазақстан Республикасының агроөнеркәсіптік кешенін дамыту мемлекеттік бағдарламасын іске асыру бойынша іс-шаралар жоспарында 41 апатты су қойманы қайта жаңғырту көзделген, оның негізгі мақсаты су шаруашылығы объектілерін қауіпсіз пайдалану болып табылады.
7 облыста орналасқан, жалпы сомасы 57,2 млрд. теңге, көлемі 1,9 млрд. м3 суды қосымша шоғырландырумен 22 жаңа су қойма салу жоспарлануда.
Үкіметтің тапсырмасы бойынша гидромелиоративтік жүйелерді республикалық меншікке тапсыру бойынша жұмыс жүргізілуде. 2017 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша, сұранысқа ие 610 мың га гидромелиоративтік жүйелерден (бұдан әрі – ГМЖ) 230,0 мың га республикалық меншікке «Қазсушар» РМК теңгеріміне тапсырылған – деп белгілеп өтті И. Әбішев.
Суармалы жерлер, суарылмайтын жерлерден өнімділігі бойынша 8-10 есе артық екенін атап өту қажет. Тиісінше, оларды айналымға енгізу ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігінің артуына әсер етуі мүмкін, бұл бүгінгі күні экономиканың негізгі міндеті болып табылатынын белгілеу қажет.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Жастар арасындағы суицид: Алдын алу шаралары -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
Билік пен қоғам диалогы: X Азаматтық форум басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Биыл қанша ауыл ауыз суға қол жеткізеді -
Италияда пандемияның төртінші толқыны басталды, ЕО Украинаны «жасыл тізімнен» шығарды -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
Докторантураға түсу үшін қандай құжаттар қажет -
Биыл магистратураға түсу үшін құжаттарды қабылдау қашан басталады -
АШМ: Ұлттық жобаның негізгі міндеттері мен импортты алмастыру мәселелері -
Еліміздің қай өңірлерінде сапалы ауыз суға қатысты проблема бар -
Әлеуметтік жобаға өтінім қабылдау басталды: Мүмкіндіктері мен ерекшеліктері -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері