• Басты
  • Жаңалықтар
  • Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауданың қырық пайызға жуық өсімі байқалады – С.Лавров

Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауданың қырық пайызға жуық өсімі байқалады – С.Лавров

9 Қазан, 2017 10:34
Әлемдік экономиканың барлық қиындықтарына және басқа да факторларға қарамастан, биылғы жылдың қаңтар – шілде аралығындағы кезеңінде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауданың қырық пайызға жуық өсімі байқалады. Бұл туралы Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров Астанада Қазақстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы Қайрат Әбдірахмановпен келіссөз жүргізу барысында мәлім етті.

«Біз құру идеясын Қазақстан Президенті Н. Назарбаев ұсынған ЕАЭО аясындағы интеграциялық процестердің нәтижесін көріп отырмыз. Әлемдік экономиканың барлық қиындықтарына және басқа да факторларға қарамастан, биылғы жылдың қаңтар – шілде аралығындағы кезеңінде Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара сауданың қырық пайызға жуық өсімі байқалады», - деп атап өтті С.Лавров.

ҚР СІМ хабарлағандай, ресейлік СІМ басшысының Қазақстанға ресми сапары екі ел арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастардың орнауының 25 жылдығына арналған бірлескен іс-шаралар аясында өтті.

«Біздің кездесуіміз Қазақстан мен Ресей қарым-қатынастары үшін дәстүрлі іскерлік атмосферада өтті, кездесуде біз бірқатар мәселелерді талқылады», - деді Қ. Әбдірахманов кездесу қорытындылары бойынша.

Министрдің айтуынша, сапар ресейлік тарап үшін қазіргі Қазақстанда орын алып жатқан ауқымды жаңғырту процестерімен танысуға жақсы мүмкіндік болып табылады.

Сондай-ақ министрлер ММХҚИ түлектері форумының ашылуында сөз сөйледі.

Барлық жаңалықтар