- Басты
- Жаңалықтар
- ШҚО-да шұбат өндірісі артты
ШҚО-да шұбат өндірісі артты
Облыс әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлағандай, Оңтүстік Қазақстан облысы Арыс ауданында түйе шаруашылығымен айналысатын Дермене және Жиделі атты екі ауылдық округ бар. Соның бірі 150 отбасы тұратын Саналы елді мекені. Қымыранның кені деп айтылатын ауыл тұрғындары 2 мыңға жуық үйіргерлік шаруашылықта түйе ұстайды. Осы ауылдан күніне 1000 тонна шұбат дайындалып, қаладағы мейрамханаларға тасымалдануда.
Бүгінде шұбат өнімін көбейтіп, табыс көзін арттыруды көздеген шаруалар «Желмая» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативіне бірігіп отыр. Өндірістік кооператив түйе сүтін өндірумен айналысады.
Мұнда күніне 1500 тоннаға дейін шұбат өндіріледі. Олар бөтелкелерге құйылып дайын шұбат өнімі Астана, Алматы, Ақтөбе қалаларына жіберіледі. Бұл қожалықта сауынды сексен түйе бар. Күніне 1000 литрге жуық шұбат алады. Мұнда он адам еңбек етіп, нәпақасын тауып келеді. Аталған кооператив алдағы уақытта түйе санын көбейтіп, өнім көлемін арттыруды жоспарлап отыр.
Жантағы мол түйе өсіруге өте қолайлы елді мекендегі түйелердің көбі бір өркешті. Ойсылқараның бұл тұқымы сүтті әрі етті келеді екен.
Арыс қаласы бойынша осы жылы 239 мүшесі бар 16 ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі құрылғанын айтқан қала әкімі Мұрат Қадырбек кооперативке біріккен шаруаларға бүгінде мемлекеттің көмегімен субсидия бөлініп жатқанын жеткізді.
Сондай-ақ, әкім шұбат өндіруде потенциялы жоғары кооперативке алдағы уақытта модульдік сүт қабылдау бекетін кепілсіз және алдын ала төлемсіз несиеге берілетінін айтты. Яғни, әр бекет құнының 50 пайызын (2,5 млн теңге) субсидия ретінде мемлекет төлейді.
-
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Сенатор: Журналистердің мәртебесін заңды түрде арттыру қажет -
COVID: Әлемде вирус жұқтырғандар саны көбейіп, қайтыс болғандар көрсеткіші артты -
COVID: Қытайда «дельта» штамын жұқтырғандар саны артты, Үндістанда күніне 200-ден астам адам көз жұмуда -
COVID-19: Әлем елдерінде коронавирус жұқтырғандар саны күрт артты -
COVID-19: Әлемде жұқтырғандар мен қайтыс болғандар саны артты -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты -
«Бопай ханым» спектаклі көрерменге жол тартты -
Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік өнімдерінің бағасы артты -
COVID-19: Кипр екпе алғандарға «есігін» ашты, ЕО AstraZeneca-дан бас тартты, Британия карантин шараларын жеңілдетті -
COVID-19: Вакцина алғандар саны артты -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Зейнетақы жарналарын пайдалану: 206 мың қазақстандық тұрғын үй жағдайын жақсартты -
Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк өнiмдерiнiң бағасы 3,2%-ға артты