Мемлекет басшысы В.Путинді туған күнімен құттықтады

7 Қазан, 2017 14:39
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Ресей Федерациясының Президенті Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Владимир Путинді туған күнімен құттықтап, оған зор денсаулық пен бақ-береке тіледі. Сонымен қатар, жоғары мемлекеттік лауазымында табысқа жете беруіне ниеттестігін білдірді.

Әңгімелесу барысында мемлекеттер басшылары екіжақты ынтымақтастықтың, сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібінің өзекті мәселелерін талқылады.

 

Барлық жаңалықтар