- Басты
- Жаңалықтар
- Жоғары технологиялар елдерді бәсекеге қабілетті болуға жетелейді - Г. Әбдіқалықова
Жоғары технологиялар елдерді бәсекеге қабілетті болуға жетелейді - Г. Әбдіқалықова
Жиында Мемлекеттік хатшы Қазақстан Президентінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында ашықтық пен үздік жетістіктерге бейімделу қажеттігін айқындап бергенін айтты.
Г.Әбдіқалықова ғалымдар, өндіріс жаңашылдары, ғылыми-техникалық зиялы қауым өкілдері ел экономикасын дамытуға, ұлттың зияткерлік әлеуетін нығайтуға елеулі үлес қосып отырғанын атап өтті.
"Әлем бүгінде жедел өзгеруде. Жоғары технологиялар, тың ғылыми жаңалықтар, ғылымды қажет ететін озық өндірістер – осының барлығы әлем елдерін өзгерістерге бейімделіп, инновациялық жобаларды инвестициялауға, бәсекеге қабілетті болуға жетелейді. Сондықтан ғылым мен техниканың дамуына тұрақты түрде қаржы бөліп отыратын мемлекеттер өз халқының әл-ауқатын жақсартып, жаһандық инновациялық трендтен қалыспайтын болады", – деді Мемлекеттік хатшы.
Г.Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлығы ғылым мен техника қайраткерлерінің еңбегіне қоғам мен мемлекет тарапынан берілген жоғары баға екенін атап өтті. Екі жылда бір рет 7 сыйлыққа дейін беріледі. 2017 жылы мемлекеттік сыйлық лауреатына берілетін қаржылай бір сыйақы мөлшері – 18 600 000 теңге. Сыйлыққа барлығы 24 жұмыс ұсынылған. Алдын ала іріктеуден кейін солардың 11-і екінші кезеңге өтті.
Отырыстың қорытындысы бойынша Комиссия Қазақстан Республикасының әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы 2017 жылғы мемлекеттік сыйлығын беру үшін Мемлекет басшысының қарауына ұсынылатын жұмыстардың тізімін айқындады.
Қазақстан Республикасының Президенті әл-Фараби атындағы ғылым мен техника саласындағы мемлекеттік сыйлықты Тәуелсіздік күні қарсаңында тапсырады.
-
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
Әскердегі сарбаздар қандай мамандықтарды меңгереді -
Мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау бойынша қандай шаралар қолға алынды -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ҚЭҰҚ: Стихиялы қоқыс орнын ұйымдастырып, қоқыс полигонында өртке жол бергені үшін жауапкершілікті күшейту қажет