• Басты
  • Астанада Astana Media Week форумы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

Астанада Astana Media Week форумы аяқталды (ФОТО, ВИДЕО)

6 Қазан, 2017 19:34
Астанада бұқаралық ақпарат құралдарының ауқымды іс-шарасы – «Astana Media Week» форумы аяқталды. Форумның жабылу рәсімі аясында еліміздің үздік баспасөз қызметтері марапатталды.

ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев ауқымды медиа-іс-шараның жабылу рәсімінде кейбір шетелдік арналардың қазақстандық контентті сатып алуға ниетті екенін хабарлады.    

"Астанадағы «Astana Media Week» іс-шарасына 2 мың қатысушы жиналды. Бұл жақсы көрсеткіш деп ойлаймын. Контент-маркет - 500 қатысушыны, Media talks - 400, өңірлік БАҚ форумы – 400, қазақстандық БАҚ-қа арналған тренингтер – 160, өңірлік БАҚ-қа арналған тренингтер – 100, Digital Forum 400 қатысушыны жинады. "Astana Media Week» 100-ден астам продакшн-компания қатысты. 20 продакшн-компания өз өндірісімен таныстырды», - деді вице-министр.   

Форумның жабылуы аясында еліміздің бұқаралық ақпарат құралдары мен баспасөз қызметтерінің үздік ұйымдары марапатталды.

Дауыс беру қорытындылары бойынша келесі баспасөз қызметтері мен бұқаралық ақпарат құралдары жеңімпаз атанды:

Жергілікті атқарушы органның үздік баспасөз қызметі - Батыс Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметі; 

Квазимемлекеттік сектор компаниясының үздік баспасөз қызметі -  «Қазақстан Темір Жолы» ҰК" АҚ;

Үздік корпоративтік сайт - Астана қаласы әкімдігінің сайты; 

Ал "Кәсіптік танылым" номинациясын ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің ресми өкілі Руслан Иманқұлов жеңіп алды. 

ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы Әнуар Жайнақов үздік баспасөз хатшысы атанды.

ҚР Инвестициялар және даму министрлігі "Үздік баспасөз қызметі" номинациясын жеңіп алды. 

Айта кету керек, «Astana Media Week» 4 қазанда басталған болатын. Бұл қазақстандық журналистиканың ғана емес, сонымен қатар жақын шет елдердің де шеберлерін жинаған бірегей алаң. 

 

Ақбота Күзекбай

Фото, Видео Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар