- Басты
- Жаңалықтар
- Өңірлік телеарналар 146 медиа өнімді жүзеге асырады
Өңірлік телеарналар 146 медиа өнімді жүзеге асырады
«Аймақтық форум шарасы былтыр екінші мәрте ұйымдастырылды. Министр аймақтық БАҚ-тың мәселелерін шешу бойынша ұсыныс айтқан болатын. Бүгін министр өткен жылдық форумда айтылған мәселе бойынша есеп берді. Ұсыныстардың бірі Альянс құру болатын. Бүгінгі күні Альянс құрылды. Ол аймақтың БАҚ-тың, журналистер қызметін бақылау, олардың мәселелерін зерттеумен айналысады. Өңірлік телеарна басшыларынан тағы бір ұсыныс айтылған болатын. Ол мемлекеттік тапсырыс аясында республикалық телеарналар жақсы телеөнімдер түсіріп жатыр, соны аймақтың өңірлерге берсе деген ұсыныс. Бұл мәселе де шешілді. Бүгінгі таңда 146 медиа өнімнің тізімі жасалды, оның ішінде 39 сериал, 59 деректі фильм, әркелкі телебағдарламалар бар», - деді Қ.Ахметов.
Министрлік өкілі айтып өткендей, екі күн ішінде министрлік өкілдері қай өнімдерді алу керектігі туралы кеңес берді. Телеарналар қай өнімді таңдалған шешімі альянсқа беріледі. Әрі қарай альянс жұмысты жалғастырады.
«Сондай-ақ, газеттерді сатуға байланысты проблемалар айтылды. Ол өңірлік қана емес, республикалық басылымдарға да байланысты. Көп қалаларда газет сататын дүңгіршіктер алынып жатыр. Бұл мәселені министрлік зерттеп келеді. Оның бірнеше себебі бар. Қазір барлық ақпаратты телефон арқылы оқиды. Сондықтан газетті сатып алу азайып кетті. Ал сатушыларға басылым сату тиімсіз болды. Екіншіден, дүңгіршектердің алынуы қала сәулетінің көркіне байланысты болып отыр», - деді Қамбар Ахметов.
Сондай-ақ, министрлік Қазпошта, баспасөз басылымдарының басшыларын жинап кеңес өткізген болатын. Онда халық көп келетін ХҚКО-да газет сататын бұрыштар ашсақ деген ұсыныс айтылды. Бұл жұмыс басталып кетті. Астанада екі, Алматыдан екі аталмыш орын ашу жоспарланған. Бұл пилоттық жоба әрі қарай жалғасын табады.
Еске салсақ, «AstanaMediaWeek» медиа аптасы аясында аймақтық БАҚ форумы екінші мәрте өтті.
Айта кетейік, «Стратегия» пікірталас клубында АКМ өкілі Қамбар Ахметов облыстық газеттер мемлекеттің қарамағында қалатыны туралы айтып өткен болатын.
Аягөз Құрмаш
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
«Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасының жүзеге асуы -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Елордада «Рухани жаңғыру» аясында қандай жобалар жүзеге асуда -
«Ауыл - Ел бесігі» жобасы:Ауыл тұрғындарының өмір сүру сапасы мен әл-ауқатын жақсарту қалай жүзеге асырылады -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Индустрияландыру картасы шеңберінде қандай жобалар жүзеге асып жатыр -
А.Балаева: «Astana Media Week» - әлемдік медиа мамандарын біріктіретін жоба -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
«Нұрлы жол» бағдарламасының жүзеге асуы -
Жолдау-2021: Жалпыұлттық іс-шаралар жоспарының жобасының бағыттары, жүзеге асуы -
Электронды коммерция: өңірлік және ішкі дамуды ынталандыру -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp