- Басты
- Жаңалықтар
- Облыстық газеттер мемлекеттің қарамағында қалады – Қ.Ахметов
Облыстық газеттер мемлекеттің қарамағында қалады – Қ.Ахметов
«Былтырғы жылы өңірлік газеттердің проблемалары аймақтық форумда көтерілді. Көп адамнан газеттердің пайдасының аздығы туралы хат келіп түсті. Облыстық газеттерді бәсекелестік ортаға жіберу керектігі айтылды. Аймақ тұрғындары республикалықтан бұрын, облыстық басылымнан ақпарат алады. Сондықтан, министрлік бір облыста ақпараттық-саясат жүргізетін бір басылым керек деген есеппен облыстық газеттерді мемлекеттің қарамағында қалдыруды жөн көрді. Себебі, қазір ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жүруде, мәселен аймақтарда қалталы біреу газетті сатып алып, ол жақта қандай саясат жүргізетіні белгісіз. Сондықтан, облыстық газеттер мемлекеттің қарамағында қалады», - деді Қ.Ахметов.
Қамбар Ахметов айтып өткендей, бүгінгі таңда заман талабы бойынша басқа да ақпарат құралдары көбейген.
Ал, өңірде аталмыш мәселелер бойынша қандай қадам жасалып жатқандығы туралы «Өлке тынысы» ЖШС директор М.Жанәділов айтып өтті.
«Қазіргі таңда өңірлерде проблемалар өөте көп деп айта алмаймыз. Қазір типография, пошта істері ақсаңдап тұр. Осылай жалғаса берсе, газеттер жабылып қалуы мүмкін. Ал, газеттің тираждары көбейіп, мемлекеттік тапсырыс артып, ақпараттық қауіпсіздікті сақталса олардың тағдыры өміршең болады. Қазір өңірлердегі редакцияларда 50 адам жұмыс істейді, 25 адаммен нақты жұмыс істеуге болады. Алайда, қалған адамдарды қайда жібересің. Оның артында бір адамның тағдыры тұр», - деді ол.
Аягөз Құрмаш
-
Президент Жолдауы – жаңа міндеттер -
ДСМ: Қазақстанда эпиджағдайдың біртіндеп тұрақтануы байқалады -
Қажырлы қаламгер – Қалмұқан Исабаев -
Ауыл әкімін сайлау – жергілікті басқарудың реформасы -
Отанға мінсіз қызмет ету – борышымыз -
Кәсіпкер: COVID-19-дан қорғанудың ең тиімді әдісі – вакцина алу -
Тоқаев пpезиденттiгiне – 2 жыл: Қандай маңызды шешiмдеp қабылданды -
Сарапшылар пікірі: «Президент тапсырмасы – адам құқығын қорғау тетіктерін күшейтуге бағытталған» -
«Ауыл – ел бесігі»: Жол, тұрғын үй мәселелері мен білім, денсаулық саласындағы өзгерістер -
Мектеп қауіпсіздігі – маңызды міндет -
Ана мен баланы қорғау – мемлекет дамуының кепілі -
Отан қорғаушылар күні: Егемендіктің қадір-қасиеті – ел тыныштығында -
Бірлік пен татулық – даму кепілі -
«Бизнестің жол картасы – 2025»: бизнес өкілдеріне қандай қолдау көрсетіліп жатыр -
Олжас Байділдинов: Бензин бағасының өсуі – әлемдік тенденция