- Басты
- Жаңалықтар
- Н.Назарбаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті
Н.Назарбаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының түлектерімен кездесті
Кездесуге Парламент Сенатының төрағасы Қ.Тоқаев, Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі С.Лавров, Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының ректоры А.Торкунов, ERG компаниясы директорлар кеңесінің мүшесі П.Шодиев, Қазақстанның Сыртқы істер министрі Қ.Әбдірахманов қатысты.
Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының мәртебесі ерекше екенін айтып, оның дипломаттар мен сыртқы саясат ведомстволары қызметкерлерінің арасындағы беделі жоғары екенін атап өтті.
«Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты үнемі көпшілік білім алуға ұмтылатын айрықша оқу орны болды. Жастарымыз қазір де сонда оқығанды қалайды. Біз Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтымен және Астанада филиалы бар Мәскеу мемлекеттік университетімен тиімді байланыстар орнаттық», – деді Мемлекет басшысы.
Қазақстан Президенті мемлекетаралық диалогты нығайту мәселесіне тоқталып, дипломатиялық кадрларды Еуразиялық экономикалық одақтың жұмысына тарту қажеттігін айтты.
Кездесуге қатысушылар Астанада өтіп жатқан Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институты түлектерінің IV халықаралық форумының ауқымдылығы мен оның елдеріміз арасындағы дипломатиялық байланыстарды күшейтудегі рөлін атап өтті.
-
30 жыл: Жаһандық бастамалардың халықаралық қауіпсіздікке қосқан үлесі -
Заңгер-студенттер халықаралық байқауда сот отырысын жеңді -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Мұқағали» фильмінің халықаралық премьерасы Таллинде өтеді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 451 мыңнан астам адам қатысты -
Жолдау 2021: Мемлекеттік қаржылыны тұрақтандыру және өңірлерді дамыту шаралары -
Семей ядролық сынақ полигоны жабылуының 30 жылдығына орай АҚШ Мемлекеттік департаменті мәлімдеме жариялады -
Шағын және орта бизнесті мемлекеттік қолдау шаралары -
Биыл «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасына 397 мыңнан астам адам қатысты -
Мемлекеттік-жекешелік әріптестіктің жай-күйі қалай -
Дін істері комитетінің төрағасы діни бостандықтың халықаралық саммитіне қатысты -
Қандай білім беру ұйымдары мемлекеттік аттестаттаудан өтеді -
Халықаралық стандарттарға сай учаскелік полиция пункті ашылды