- Басты
- Жаңалықтар
- Ассамблея кәсіби медиацияны дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде - Д. Мыңбай
Ассамблея кәсіби медиацияны дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде - Д. Мыңбай
Д. Мыңбай еске салып кеткендей, Президент Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның XXV сессиясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мәнін аша отырып, «медиаторлар желісін дамыту және қоғамда халықтың құқықтық мәдениетін арттыру қажет» деп атап көрсетті.
«2011 жылғы 28 қаңтарда Қазақстанның тұтастай құқықтық жүйесі үшін айтарлықтай оқиға болған «Медиация туралы» Заң қабылданды. 2011 жылғы 3 шілдеде Үкіметтің қаулысымен Медиаторларды дайындау бағдарламасы бойынша оқыту ережелері бекітілді. Осылайша, елімізде медиация институтын енгізу және дамыту үшін нормативтік-құқықтық негіз қалыптастырылды. 2016 жылы Қазақстан Республикасының Азаматтық, Қылмыстық, Әкімшілік, Салық, сондай-ақ Қылмыстық- және Азаматтық-процестік кодекстеріне, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңға тиісінше өзгерістер мен толықтырулар күшіне енгізілді», -деді Д. Мыңбай.
Қазіргі кезде Қазақстан халқы Ассамблеясы қоғамдық медиаторлар институтын қалыптастырып, дамытуға және әлеуметтік дау-жанжалдарды алдын ала реттеуге арналған кәсіби медиацияны дамыту бойынша жүйелі жұмыс жүргізуде.
Ассамблеяның жалпыреспубликалық инклюзивтік желісі дамуда. ҚХА Медиация кеңесі құрылған, Достық үйлері жанынан 17 кабинет ашылған, облыстарда 13 медиация кеңесі жұмыс істейді, аудандық, селолық, ауылдық деңгейдегі қоғамдық келісім кабинеттерінің саны - 1019 бірлікті құрайды.
-
Сарапшы: «Қазақстан ұлт болып ұйысудың өзіндік моделін қалыптастырды» -
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Елордада Париж келісімі міндеттемелерінің орындалу барысы талқыланып жатыр -
Н.Назарбаев: Туған халқымның сенімін ақтау үшін бар күш-жігерімді аянбай жұмсадым -
30 жыл: ҚР машина жасау саласы қандай жетістіктерге жетті -
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
Тұңғыш президент күні: Елбасының 10 басты шешімі -
Қазақстан сыртқы саясатының 30 жылдық белестері -
ДСМ: Omicron штамының таралуын болдырмау мақсатында қандай шектеулер енгізіледі -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ІІМ: Учаскелік инспектордың рөлі, құзыреті және халықпен кері байланыс -
«Аңсаған сәби» бағдарламасына кімдер қатыса алады және іріктеу қалай жүреді -
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады