- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтаудағы спорт фестиваліне 1,5 мың мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты
Ақтаудағы спорт фестиваліне 1,5 мың мектеп оқушылары мен колледж студенттері қатысты
««Есірткіге елікпе, спортты ал серікке». Ақтауда осындай атаумен жас спортшылардың облыстық фестивалі өтті. Дүбірлі додағы түбегіміздің түпкір-түпкірінен 1500-ге жуық балғын жиналды», - делінген хабарламада.
Фестиваль қатысушылары жас ерекшеліктеріне қарай саты және шытырман бойынша жүгіруден жарысқа түсті. Шымыр өрендер 16, 24 келі салмақтағы кір тасын көтерді. Білек сынасып, қазақтың ұлттық ойыны арқан тартысты.
««Қазақстан - 2050» Стратегия бағдарламасында азаматтардың денсаулығы мен білімін, соның ішінде жастар қоғамының саламатты өмір салтын сақтауын мақсатты, үлкен міндеттердің бірі ретінде қарастырған болатын. Осы бағытта Маңғыстау аймақтық дене тәрбиесі орталығы «Есірткіге елікпе, спортты ал серікке» деген фестиваль өткізіп отырмыз. Осы шараны ұйымдастыруға қала әкімдігі үлкен қолдау көрсеттіжәне осы жөнінде алғысымды айтқым келеді», - МО аймақтық дене тәрбиесі орталығының директоры Бақыт Таңбайұлы.
Бұдан өзге, қатысушылар викториналық сауалдарға жауап беріп , ұшқыр ойлы ұландар түрлі сыйлықтарды қоржынына байлады. Мұндай фестиваль 2 жылда бір рет ұйымдастырылатын болады.
-
Қазақстан мен әлемдегі эпидемиологиялық жағдай: «Омикрон» штамы әлемнің 20 мемлекетінен табылды -
ТЖМ: Газ баллондар мен газ жабдықтарын қалай пайдалану керек -
Мектеп оқушылары арасында үздік ораторлар белгілі болды -
Инвестициялық саясат: ТШИ, саладағы негізгі трендтер мен өңірлердегі инвестиция тарту мәселесі -
ЖИТС және АИТВ: Ауруды алдын-алу мен емдеу шаралары -
Қазақ тілінде дыбысталған тағы бір фильм көрерменге жол тартты -
95 мыңға жуық адам жұмысынан айырылуына байланысты МӘСҚ-тан төлем алды -
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Ағзадағы темір тапшылығы: Себептері мен салдары -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
ТДМ: Климаттың өзгеруі, экологиялық сауатталықты арттыру мен қоқыс тастау мәдениетін қалыптастыру мәселелері -
Жол картасы аясында 8 мыңнан астам жұмыс орны құрылды -
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
ДСМ: 1500-ден астам бала мен жүкті әйел коронавирусқа қарсы вакцина алды