- Басты
- Жаңалықтар
- Ақтауда өткен форумда арнайы экономикалық аймақтар таныстырылды
Ақтауда өткен форумда арнайы экономикалық аймақтар таныстырылды
Арнайы экономикалық аймақ - экономикалық дамудың қозғаушы күші, инфрақұрылымды дамытудың маңызды факторы.
Мемлекет басшысының Жарлығымен елімізде арнайы экономикалық аймақтар құрылған еді. Бүгінде Қазақстанда әртүрлі салалық бағыттағы 10 арнайы экономикалық аймақ бар. Мысалы, «Оңтүстік» АЭА-ы тоқыма өнеркәсібінде, «ПИТ» АЭА-ғы ақпараттық технологиялар бойынша, «Павлодар» және «Атырау» АЭА-тары химия және мұнайхимиясы бойынша маманданған. Ал, «Ақтау теңіз порты» арнайы экономикалық аймағы іске қосылғаннан бері 88 млрд.теңге инвестиция тартылып, 241 млрд.теңгенің өнімі өндірілді. Бюджетке 21 млрд.теңге көлемінде салықтар төленді. Аймақта 15 мекеме белсенді қызмет етуде және 1 144 жұмыс орнын құрылды.
Форумда Ақтау, Атырау, Шымкент, Алматы, Тараз, Павлодар қалаларының арнайы экономикалық аймақтары (АЭА) таныстырылды. АЭА-дағы басқарушы компаниялардың басшылары шараға қатысушы қонақтарды АЭА-тың ерекше жағдайымен таныстырып, сәтті іске асырылған жобаларды ұсынды. Олардың даму тәжірибесі мен болашақ жоспарлары туралы айтып берді.
«Kazakh Invest» ҰК» АҚ АЭА дамыту департаментінің басқарушы директоры Еркежан Әмірханованың айтуынша, бүгінде АЭА территориясында 160-қа жуық инвестициялық жоба жүзеге асырылған. Оның 20 пайызы шетелдік. Қазір АЭА алаңында 11 мыңнан астам адам жұмыс істейді.
«Маңғыстау облысы - өндірісімен қатар, сан саласы жедел даму үстіндегі бірден-бір аймақ. Қазақстанның экономикасын нығайтуға облысымыздың қосқан үлесі де зор, қол жеткізген табыстары да, жетістіктері де аз емес. Қазыналы өңірдің келешек үшін бергенінен әлі берері мол. Осы форум Қазақстанның жаңа инвестициялық мүмкіндіктерін сіздермен бірлесе саралауға жол ашады деп сенемін», - деді Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов.
Түркия, Сауд Арабиясы, Малайзия, АҚШ, Венгрия және басқа елдерден келген қонақтар отандық компаниялармен іскерлік қарым-қатынас орнатуға және одан әрі бірлесіп жұмыс істеуге қызығушылық танытты.
-
Түркістан облысы: Өңірдегі эпиджағдай, жұмыссыздық мәселесі мен әлеуметтік-экономикалық дамуы -
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
Тұрақты экономикалық даму үшін қандай ұлттық жобалар жүзеге асады -
ЕАЭО отырысы: экономикалық ынтымақтастық, трансшекаралық логиcтиканы дамыту және азық-түлік қауіпсіздігі -
Қазақстанда журналистерге арналған бірегей сөздік таныстырылды -
Тоқаев: Мақсатымыз - Орталық Азияны тұрақты, экономикалық жағынан дамыған өңірге айналдыру -
Қазақстандағы эпидахуал: Елорда мен аймақтарда карантин шаралары күшейтілмек -
Қарағанды облысының дамуы: экономикалық даму, агроөнеркәсіптік кешен мен «Балқаш-Бурылбайтал» автожолы -
Экономикалық зерттеулер институтына - 60 жыл -
ҚР экономикасы: ЖІӨ, инвестиция, сыртқы сауда және экономикалық белсенділікті ынталандыру шаралары -
Алматы қаласы Алатау ауданының экономикалық дамуы туралы есеп берілді -
ҚР экономикасының дамуы: Экономикалық өсімді ынталандыру үшін қандай шаралар қабылданып жатыр -
Көктемгі су тасқыны: алдын алу шаралары, су басқан аймақтарға көмек -
Түркі кеңесінің бейресми саммиті: Президенттер ұсыныстары, Түркістан қаласының тарихи маңызы, экономикалық ынтымақтастық -
Нұр-Сұлтан қаласындағы эпидахуал өткен жылдың жаз айларындағы жағдайға ұқсас