- Басты
- Жаңалықтар
- Шымкентте отандық кілемдердің жәрмеңкесі өтуде
Шымкентте отандық кілемдердің жәрмеңкесі өтуде
Көрменің ашылу салтанатында сөз алған аймақ басшысы Қазақстандағы ең ірі «Бал Текстиль» отандық кілем өндіруші фабрикасы Елбасының бастамасымен құрылған «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында жүзеге асырылғанын атап өтті.
«Республикадағы ірі кілем зауыты тоқыма саласына қосар үлесі мол. Бүгінде фабрика айрықша ою-өрнектермен әрленген, отандық кілемнің 2000-нан астам түрлерін облыс тұрғындарына ұсынуда. Жобаның серіктесі - әлемдегі ең ірі 5 кілем өндірушілердің бірі болып табылатын және әлемдік нарықта 20 жылдан астам тәжірибесі бар «Kartal Hali» (Түркия) компаниясы», - деді әкім.
Шымкентте екінші рет ұйымдастырылып отырған көрмені еліміздегі ірі кілем шығарушы «Бал Текстиль» фабрикасы ұйымдастырды. Жәрмеңкеде қонақтардың назарына 1 мыңнан астам кілемдер мен оның түрлері ұсынылуда. Шара аясында арзандатылған бағада кілем түрлерін сатып алуға болады.
Айта кетейік, өндірістік қуаты жылына 5 млн. шаршы метр кілем тоқуға қауқарлы фабрика іске қосылған 2013 жылдан бері 9 млн шаршы метрге жуық кілем тоқыса, осы аралықта 6 млн. келі болатын пропилен жібін иірген.
-
Отандық ғалымдар онкологиялық ауруларды диагностикалауға арналған ерітінді жасап шығарды -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Отандық ғалымдар жаралар мен күйіктерді емдеуге арналған инновациялық құралдар әзірледі -
Отандық өнеркәсіп салаларының дамуы және мемлекеттік қолдау шаралары -
«Astana Media Week»: Отандық БАҚ-тың дамуы, стратегиясы және фейк ақпаратпен күрес шаралары -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Отандық медиа саласы қалай дамып жатыp -
Пандемия отандық туризм саласына қалай әсер етті -
Туризм: Отандық вакцина паспорты жарамды елдер, «Kids go free» жобасы және жолдағы сервистік нысандар -
Коронавирус: ДСМ вакцина алғаннан кейін қайтыс болған жағдайларға байланысты түсінік берді -
Тоқаев: Азаматтарға қолжетімді болу үшін отандық екпе өндірісі ұлғайтылады -
Отандық QazVac вакцинасы қаншалықты тиімді -
Тоқаев келесі жолы коронавирусқа қарсы отандық екпені салдырмақ -
Отандық туризмді дамыту: Заңға қандай өзгерістер енгізілмек -
АШ: Отандық асыл тұқымды өнімнің бәсекеге қабілеттілігі арттырылады