• Басты
  • Жаңалықтар
  • Павлодар облысында ауылдық мектеп түлектері медициналық мамандықтарда оқуға әкім грантына ие болады

Павлодар облысында ауылдық мектеп түлектері медициналық мамандықтарда оқуға әкім грантына ие болады

10 Қаңтар, 2014 13:22
Павлодар облысында ауылдық мектеп түлектерін облыс әкімінің гранттары есебінен медициналық мамандықтарға оқытатын болады, деп облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

 « Ауданның денсаулық сақтау саласында өзекті мәселелер бар. Аудандағы дәрігерлер зейнеткерлік жасқа жақындап қалған. Бұл мәселені шешу керек. Сондықтан, біз ауылдық мектеп түлектеріне медициналық жоғары оқу орындарында тегін білім алу үшін әкімдіктердің арнайы гранттарын тағайындайтын боламыз. Біз ауыл мектебі түлектерін медициналық мамандықтарға оқытуға жібергенге дейін, аудан басшылығы қазірден бастап қажетті жас дәрігер мамандарды ауданға тарту мәселесін шешулері тиіс», - деді облыс әкімі  Қанат Бозымбаев.

Лебяжі ауданында ҰБТ бойынша көрсеткіш те көңіл көншітпейді. Аудан бойынша ҰБТ тапсырушы түлектер саны көп болғанымен, аудан бойынша 2013 жылғы ҰБТ-ның орташа балы 65,6 құрады.

Осыған орай аудан мектептерінің ұстаздары тестілеуден өтеді.

 

Барлық жаңалықтар