- Басты
- Жаңалықтар
- «Нұрлы жол» вокзалында бағдарлық ақпараттық қызмет ашылды
«Нұрлы жол» вокзалында бағдарлық ақпараттық қызмет ашылды
Енді жолаушылар вокзалда смартфондар мен планшеттердің көмегімен 2ҚАЖ жүйесіндегі кестені көріп, таныса алады. Қызметті тұтынушы жолаушылар вокзалдың алты қабатының қызмет көрсету қабаттарының: билет кассалары, медициналық қызмет, ана мен бала бөлмесі, банкоматтарды көре алады. Оның сыртында картада қоғамдық тамақтандыру, дүкендер, такси қызметі, терминал, қонақүй, дәріхана қызметтері туралы ақпараттар көрсетілген. Және оларға қонақтардың берген бағасы мен арыз шағымдары да, ізгі тілектері де көрінеді. Жолаушыларға қолайлы болу үшін оның барлығы белгішелермен нақтыланған.
«Тұтынушыларға барынша қолайлы болуы үшін 2ҚАЖ ұялы телефон қосымшасында барлық қабаттардағы қызмет көрсету мекемелері көрсетілген. Өйткені, «Нұрлы Жол» вокзалы Республикамыздағы ең аумағы үлкен көлік бекеті саналады. Бұл қызмет көрсету түрі Астанаға тұңғыш рет келген қонақтарға барынша тиімді болып отыр»,- дейді Вокзал директорының орынбасары Нұрлан Аманжолов.
«Астана 2ҚАЖ» компаниясы директорының орынбасары Айнұр Нұрғалиеваның айтуынша, жаңа вокзалдың барлық қабатындағы қызмет түрлері жедел байланыс қызметінің Android, iOS, Windows және 2ҚАЖ онлайн-версиямен танысуға болады.
Бір қызығы, барлық ақпараттар Интернет желісінсіз атқарылады.
«Нұрлы жол» вокзал кешенінің барлық қабатының көрінісі «Астана 2ҚАЖ» компаниясымен бірлесіп жасалған.
«Қабаттардағы қызмет – барлық қабаттарға бөлініп, ондағы сауда орындарының тез көрінетіндігімен ерекшеленеді. Сол арқылы жолаушы өзіне қажетті орынды тез таба алады»,-дейді А. Нұрғалиева.
Н. Аманжоловтың айтуынша, вокзалдың ішкі көрінісін бағдарламалық көрсету көлік бекетіне келіп тоқтаған қала қонақтары мен барлық жолаушыларға жедел қызмет түрін жақсарта түседі.
-
Шетелдік интернет-компаниялардың қызметтеріне «цифрлы салық» салу қалай жүзеге асады -
Елордада Al-Farabi Knowledge Centre атты білім орталығы ашылды -
Ерікті студенттер үшін ақшалай сыйақы: Қандай қызметтерге төленеді -
Кәсіпкерлік қызметті реттеу: Бизнеске жүктеме азайтылып, әкімшілік шығындар қысқартылады -
«Жусан» операциясы, терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес шаралары және күзет қызметіне қойылатын талаптар -
ІІМ: Мемлекеттік қызметтер мен жол қозғалысын цифрландыру және мектептердегі қауіпсіздік шаралары -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
ІІМ: Жол қауіпсіздігі мәселелері және жедел-қызметтік жұмыс қорытындылары -
Еңбек нарығында қай сала қызметкерлеріне сұраныс бар -
АХҚО қызметі: жаңа бағыттар мен келісімдер -
Пациентті қолдау қызметі қалай жұмыс істейді -
Азаматтық алу, электронды мемлекеттік қызмет және заңсыз көші-қонды анықтау шаралары -
Мүгедектігі бар адамдар Әлеуметтік қызметтер порталы арқылы 300 мыңнан астам қызмет алды -
Қоғамдық кеңестердің қызметі, заңға енгізілген өзгерістер мен Kazkenes.kz порталының жұмысы -
ЭЕБ-те ХЖҚО қызметтерін қашықтан көрсету мүмкіндіктері кеңейтілді