- Басты
- Жаңалықтар
- Достық-Брест бағдарына транзиттік тасымалы жылма-жыл екі есеге артып келеді
Достық-Брест бағдарына транзиттік тасымалы жылма-жыл екі есеге артып келеді
Қ. Алпысбаев шара аясында БР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Василий Матюшевскимен кездесті. Кездесу барысында екі жақты көлік және логистика саласын дамыту жайы талқыланды.
«Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, пленарлық отырыста сөз сөйлеген Қ. Алпысбаев Шығыс-Батыс бағдарындағы транзиттік контейнерлік тасымалды дамытуға қажетті шараларды бірлесіп шешуге шақырды. Қазақстан, Ресей, Белорусь теміржолдары әкімшіліктерінің қолдауымен серіктестердің белсенді әрекеті Достық-Брест бағдарындағы транзиттік тасымалдың жылына екі есеге ұлғаюына қол жеткізді.
«Егер 2011 жылы бұл бағдарда 1,1 мың контейнер жіберсек, 2016 жылы 101 мың контейнерге жеткіздік. Биылғы жылы 200 мың ЖФЭ жеткізу күтілуде. Біздің алдымызда 2020 жылдары трансқұрлықтық дәлізге 2 миллион контейнерді тартуды көздесек, Достық- Брест бағдарына 800 мың ЖФЭ жеткізілмек»,- дейді «ҚТЖ» ҰК» АҚ басшысы.
Оның айтуынша, Еуразиялық одақтың теміржол әкімшіліктері бірлескен түрде Қытай -Еуропа трансқұрлықтық бағдарда маңызды мәселелерді дамытуға кедергі келтіретін бірқатар инфрақұрылымдық шектеулерді алып тастауға мүмкіндік жасалды. Сонымен қатар алда транзиттік контейнерлік пойыздар қозғалысы жылдамдығын күшейту және вагондардың айналымын арттыру мақсатында ауқымды қызметтер атқарылуы тиіс.
Қазіргі таңда «ҚТЖ» ҰК» АҚ контейнерлік пойыздарды Достық станциясынан Алтынкөл станциясына көшіру шараларын қабылдауда. Бұл бағдар бірқатар артықшылықтарға ие. Оның ішінде «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА Құрғақ порты осында орналасқан.
«Қазақстан-қытай шекарасымен пойыздарды барынша жедел өткізу қамтамасыз етілуде. Ол өз кезегінде бағдардағы жылдамдықты арттыруға ықпал етеді»,- дейді Қ. Алпысбаев.
Ол өз кезегінде Достық/Алтынкөл – Брест Достық/Алтынкөл бағдарында контейнерлік пойыздарды кедергісіз өткізудің бірлескен технологиясын қарауды ұсынды. Тасымалдау үдерісін ақпараттық қамтамасыз ету (электрондық құжат айналымы, цифрландыру, ІТ –платформасын өндіріске енгізу) сонымен қатар жүктердің бірыңғай ЦИМ/СМГС ілеспе құжаттарын пайдалану көлік қызметі сапасын көтеруге мүмкіндік әпереді.
«Қазақстан темір жолы бағдарға қатысушы елдермен ақпараттық жүйеге ықпалдасып қана қоймай, бірыңғай ақпараттық алаңда бірлесіп қызмет етуге дайын»,- деп мәлімдеді Компания басшысы.
Көлік үдерісіне қатысушы елдердің өзара тығыз қарым-қатынас орнатып, Шығыс-Батыс транзиттік көлік дәлізімен тоқтаусыз жүк өткізуге қолайлы жағдай жасауы - Қазақстан экономикасына ғана тиімді емес, Еуразиялық Одақ елдері экономикасының дамуына да ықпал етеді.
Белоруссия көлік апталығы -2017 форумына Қазақстан, Қытай, Ресей, Латвия, Литва, Польша, Украина теміржол көлігі әкімшіліктері, мемлекеттік құрылымдар, логистикалық компанияларының өкілдері қатысты.
-
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
ДСМ: Соңғы екі аптада елдегі сырқаттану деңгейі 11%-ға төмендеді -
III Нобель фестивалі: Екінші күнінің қорытындылары -
Елімізде кедейлік деңгейі 9 есеге жуық төмендеді -
МӘМС: Сақтандырылмаған тұрғындар кімдер және олар қалай тіркеледі -
ДСМ: Күнделікті коронавирус жұқтыру көрсеткіші 2 есеге төмендеді -
ДСМ: Соңғы екі аптада еліміздегі сырқаттану деңгейі 36%-ға төмендеді -
Екібастұз қаласының дамуы: инвестициялық жобалар, тұрғын үй, денсаулық сақтау және білім беру жүйелері -
ДСМ: Соңғы екі аптада сырқаттанушылық деңгейі 10% - ға төмендеді -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ДСМ: Елде коронавирус жұқтырғандар саны азайып, жағдай тұрақталып келеді -
COVID-19-ға қарсы екі екпені не үшін алу қажет -
Транзиттік тасымалдардың дамуы және қабылданып жатқан шаралар -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 2 есеге өскен -
Қазақстандағы эпиджағдай: Коронавирус жұқтырғандар саны 4 есеге артты