- Басты
- Жаңалықтар
- 2014 жылы Қарағанды облысының құрылыс саласында 23,5 млрд теңге игеріледі
2014 жылы Қарағанды облысының құрылыс саласында 23,5 млрд теңге игеріледі
«2013 жылы атқарылған жұмыс қорытындысы мен 2014 жылға жоспарланған жұмыс бойынша Қарағанды облыстық құрылыс саласы мемлекеттік-архитектуралық бақылау мен лицензиялау департаменті жетекшілері мен құрылыс басқармасы алдында есеп берді. Биылғы жылға 23,5 млрд теңгені іске жарату көзделген, соның ішінде республикалық бюджеттен 18,8 млрд теңге, жергілікті бюджеттен 4,7 млрд теңге аударылмақ. 11 жобаны дайындау мен 8 білім беру нысанның жөндеу жоспарланған. Сонымен қатар, «Қолжетімді баспана» бағдарламасы бойынша 310 мың шаршы метр салу қарастырылған», - делінген хабарламада.
Бұдан бөлек құрылыс саласында төмендегі жағдайларға тоқталды.
2013 жылдың қорытындысы бойынша, бөлінген қаражаттың 99,9 пайызы, яғни 22 млрд 457 млн.теңге игерілген. Осы қаражаттың 5,4 млрд теңгесіне 298,4 мың шаршы метр тұрғын үй салынған. Ал 10,5 млрд теңгесіне жаңа сорғы құрылғысы мен күн-жел электростанциясы салынды».
Айта кету керек, өткен жылы облыстық құрылыс басқармасы тарапынан 30 білім беру, денсаулық сақтау, коммуналдық шаруашылық, қоршаған ортаны қорғау мен Бизнестің жол картасының нысандары салынды. Солардың ішінде бүгінгі күнге дейін 13-і пайдалануға берілді. Қалғандары 2014 жылға қалып отыр.
-
Ұлттық кеңес: Медицина кадрының жетіспеушілігі, ана мен баланың қауіпсіздігі және білім саласындағы мәселелер -
Ұлттық валюта күні: Теңгенің айналымға ену тарихы мен жеткен жетістіктері -
Жылыту маусымы: Өрт қауіпсіздігі қалай қамтамасыз етіледі -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Отандық ғалымдар медицина саласында сұранысқа ие инновациялық өнім әзірледі -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
ҰЭМ: Ұлттық жобаларды жүзеге асыруға 15,9 трлн теңге көзделген -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Маңғыстауға Қостанай облысынан 32 миллион теңгеге тегін мал азығы әкелінеді -
Тоқаев: Қазақстан медиа және креативті индустрия саласында бірлескен жобаларды іске асыруға дайын -
Тауар нарығындағы теңгерімсіздік, инфляция және мұнай бағасының төмендеуі -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Отандық құрылыс материалдары қанша пайызға қымбаттады -
Жолдау-2021: Ғылым саласындағы негізгі өзгерістер