- Басты
- Жаңалықтар
- Сенаторлар Қазақстанның АИИБ-ге қатысу шарттары талқыланды
Сенаторлар Қазақстанның АИИБ-ге қатысу шарттары талқыланды
Сенат хабарлағандай, енгізілетін ережелер Қазақстанның жаңа халықаралық ұйымға – Азия Инфрақұрылымдық Инвестициялар Банкіге (АИИБ) мүшелігіне құқықтық шарттарын реттейді. Біздің еліміз Банкінің аймақтағы толыққанды мүшесі болып табылады.
2015 жылғы 29 маусымда Бейжіңде 57 құрылтайшы елдер өкілдері қол қойған АИИБ-ны құру туралы Келісімнің баптары Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 26 қаңтардағы заңымен ратификацияланды. Талқылауға ұсынылған заң жобасы АИИБ-мен қатынастарға өкілетті мемлекеттік органдарды айқындайды. Атап айтқанда, байланыс арнасы ретінде Үкімет (ұлттық экономика министрлігі) белгілеген тиісті ресми орган анықталды, барлық қаржы операциялары мен мәмілелерді жүзеге асыру үшін – қаржы министрлігі; ұлттық валютадағы барлық қаржының және АИИБ-нің басқа да активтерінің депозитарийі ретінде Ұлттық банкі белгіленді.
Одан басқа, құжат Қазақстан Республикасы АИИБ-ге мүшелікке байланысты өзара қаржы-қаражат қатынастарды қаржы министрлігі мен Ұлттық банкі арқылы реттейді. АИИБ-нің негізгі мақсаттары аймақ экономикасының тұрақты дамуына жәрдемдесу және өзара байланысты инфрақұрылымды нығайту, инфрақұрылымдарға және экономика секторына басқа да өндірістік инвестиция әкелу арқылы Азия елдерінің экономикалық және әлеуметтік өркендеуін ынталандыру болып табылады.
Энергетика, көлік және телекоммуникация салаларындағы жобаларды қаржыландыру Банкі қызметінің басым бағыты болуы тиіс. АИИБ капиталындағы Қазақстан үлесі (қол қойылған капитал) 729,3 миллион АҚШ долларын (0,7930 пайызы), ортақ үлестің 10 387 дауысын (0,9612 пайызы) құрайды. Төленген капитал 145,9 миллион долларды құрайды, ол бес жыл бойы (2016-2020 жылдарда) жыл сайынғы 29,180 миллион доллар көлемінде мүшелік жарна төлеуді талап етеді. Заң жобасы Палатаның қарауына жіберілді.
-
Қазақстанның сыртқы саясаты: Экономикалық дипломатия, геосаяси жағдай, экспорт және инвестиция -
«Қазақстанның киберқалқаны»: ақпараттық қауіпсіздіктің маңызы -
Қазақстанның геология саласын дамыту шаралары -
Тамыз кеңесі:Білім беруді дамытудың өзекті мәселелері талқыланды -
IT-стартаптарды қаржыландыруға арналған "Seed money" бағдарламасының шарттары -
Тамыз айында өтетін ҰБТ-ға қатысуға өтініш қабылдау басталды -
«Қазақстан мұғалімі»: Өтінім мерзімі, жүлде қоры, талаптары мен шарттары -
Микроқаржы ұйымынан несие алу: Кімге беріледі және шарттары қандай -
30 жыл: “Тәуелсіздік ұрпақтары” байқауының талаптары мен шарттары -
«Қазақстандағы климаттың өзгеруі» байқауы: Шарттары мен талаптары -
Қазақстанның сайлау жүйесінің трансформациялануы -
Жаһандық рейтингтегі Қазақстанның аналитикалық орталықтары -
«ECO MEKEN» экологиялық реалити шоу кастингiне қалай қатысуға болады -
Қазақстанның білім беру нысандары қалай күзетіледі -
«URKER-2021» Ұлттық бәйгесіне қатысу үшін өтінімдер қабылдау басталды