- Басты
- Жаңалықтар
- 2030 жылға қарай Ақтөбе облысының 96% тұрғыны табиғи газбен қамтылады
2030 жылға қарай Ақтөбе облысының 96% тұрғыны табиғи газбен қамтылады
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ Елбасы тапсырмасын жүзеге асыра келе, қаладағы жұмыс істеп тұрған АГТС-тердің қуатын күшейтіп әрі оларға түсетін салмақты азайтуды мақсат етті. Құрылыс барысында 32 км жаңа газ құбырлары және 2 газ реттеуіш пункт салынды.
Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, өнімділігі сағатына 300 мың текше метр болатын аталған автоматтандырылған газ тарату станциясы облыс орталығы Ақтөбе қаласын ғана емес, қала маңындағы және шалғайдағы 4 ауданның елді мекендерін үздіксіз газбен жабдықтауға қауқарлы. Станцияның қуаты жұмыс істеп тұрғандарды ғана емес, болашақта салынатын өзге де нысандарды газбен қамтуға жетеді.
Қазіргі уақытта Ақтөбе рельс-арқалық зауыт, Индустриалдық аймақ, қалалық телефон станциясы, Ақтөбе ферроқорытпа зауыты, Қазхром, ЖЭО секілді ірі кәсіпорындармен қатар, көптеген ірілі-ұсақты коммуналдық-тұрмыстық және әлеуметтік нысандар газбен үздіксіз қамтылады.
Сонымен қатар станция Ақтөбе маңындағы Қобда, Мәртүк, Алға және Қарғалы аудандарының елді-мекендеріне газ жеткізеді. Бұл серпінді жобаның жүзеге асырылуы және пайдалануға берілуі Ақтөбе өңірінің дамуына оң ықпал етті. Жүргізіліп жатқан газдандыру жұмыстары өңірдің инвестициялық тартымдылығын арттырады, әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштердің артуына жағдай жасайды.
Инвестжобаларды жүзеге асыру кестесіне сай, газ және газбен қамту саласындағы Ұлттық оператор «ҚазТрансГаз» АҚ 2030 жылға қарай Ақтөбе облысының 96% тұрғынын табиғи газбен қамтуды жоспарлап отыр. Облыс бойынша 287 км газ құбыры салынады.
Айта кетейік, Елбасы Н.Назарбаевтың Ақтөбені миллион тұрғыны бар заманауи қалаға айналдыру жөніндегі тапсырмасы бірқатар стратегиялық шешімдерді қажет етеді. Солардың бірі – саны артып келе жатқан қала тұрғындары, қазір жұмыс істеп тұрған коммуналдық және өндірістік нысандардың табиғи отынға деген қажеттілігін қанағаттандыру болып табылады.
-
А.Цой: Коронавируспен ауырған адамдардың 96 %-ы вакцина алмаған -
Ақтөбе облысының дамуы: Мемлекет басшысының тапсырмасы қалай жүзеге асып жатыр -
Ұлттық табиғи парктердегі құқық бұзушылық, маман тапшылығы және даму тұжырымдамасы -
Маңғыстау облысының дамуы: Өңірді сумен жабдықтау, газ, мұнай өндіру және экология мәселелері -
Ақтөбе және Батыс Қазақстан облыстарындағы коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
ҚР-дағы жұмыс күшінің саны 2050 жылға қарай шамамен 11,4 млн адамды құрайды -
Елорданың дамуы: Қолжетімді баспа мен мектеп құрылысы, тұрғын үй және газбен қамту мәселері -
Ақтөбе облысының дамуы: Өңірдегі эпиджағдай, инвестиция және ШОБ-ты қолдау шаралары -
Ақмола облысының дамуы: Азық-түлік бағасын тұрақтандыру, инвестиция және түрғын үй мәселері -
Атырау облысының дамуы: Эпидемиологиялық ахуал, инвестиция, ШОБ және тұрғын үй мәселелері -
Павлодар облысының дамуы: Инвестиция, ауыл шаруашылығы және жол мәселелері -
Маңғыстау облысының дамуы: Туризм, ауыл шаруашылығы, инвестиция және ауыз су мәселесі -
Қызылорда облысының дамуы: Тұрғын үй құрылысы, азық-түлік қауіпсіздігі және білім саласы -
Түркістан облысының дамуы: Инвестиция, зауыттардың құрылысы, туризм және жол мәселесі