- Басты
- Жаңалықтар
- ОҚО-дағы қызанақ өңдейтін зауыт енді томат пастасын шығаратын болады
ОҚО-дағы қызанақ өңдейтін зауыт енді томат пастасын шығаратын болады
Алдағы уақытта өндіріс орны жұмыс көлемін кеңейтіп, томат концентратынан дайын өнім шығармақ. Жақын күндері кәсіпорын жаңа желіні іске қосып, томат пастасын жасайды. Бүгінде арнайы қондырғыларды алып, орнатып қойған.
Зауыт директоры Ерлан Ақжібековтың айтуынша, томат пастасын шығаратын желіні қарашаның екінші он күндігінде іске қосады. Өнім «Алтын дән» маркасымен үш түрлі көлемдегі шыны ыдыста шығарылатын болады. Табиғи дайын өнім Оңтүстік өңірінің сауда қатарларынан бөлек, еліміздің жеті облысында да саудаланады деп жоспарлануда.
Ақдала ауылдық округіндегі «Агрофирма Жаңа Ақдала» ЖШС-нің егістік алқабында тамшылатып суару әдісімен 400 гектарға жуық жерге қызанақ егілген. Бүгінде шаруалар төрт комбайнмен алқаптағы 200 гектар қызанақты жинап үлгеріп, одан 12 мың тонна өнім алған. Олардың айтуынша, биыл өнім мол болғандықтан гектары 630 цн құрап отыр екен. Маусым кезінде мұнда үш жүзден астам адам еңбек етеді. Ал тұрақты 229 азамат жұмыс жасайды.
Серіктестік үдемелі индустриалды-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында 2008 жылы іске қосылған. Саласы томат өнімдерін өсіру және өңдеу. Ал өндіретін өнімі томат пастасының концентраты. Кәсіпорындағы томат өндіретін зауыттың өндіріс қуаттылығы тәулігіне 600 тонна.
-
Қай қалалардың әуежайында цифрлы жеке куәлікті қолдануға болады -
Оқушыларға арналған президенттік олимпиада: Жеңімпаздар қандай сыйлыққа ие болады -
МӘМС үшін төлемді қалай, қайдан жасауға болады -
Ірі салық төлеушілерді салықтық әкімшілендіру ерекшеліктері мен нәтижелері -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 2 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,7 трлн-тан астам теңгеге зейнетақы төленді -
Жолдау-2021: Салықтық әкімшілендіруді күшейту шаралары -
Ақтөбе облысының кешенді даму жоспары бекітілді -
Жыл басынан бері қазақстандықтарға 1,5 трлн теңгеден астам сомаға зейнетақы төленді -
Жақыпбек Алтайұлы, философ, профессор: Абай аты мен мұрасы - қазақтың бренді -
Еліміздің бес қаласында жаңа шектеу шаралары күшіне енді -
30 жыл: ШҚО-да минералды су өндіретін зауыт іске қосылады -
МӘМС: Пандемия кезінде ақысыз медициналық қызметті қалай алуға болады -
ҚР экологиясы: Ауаның ластануы, қоқыс жағатын зауыттар мен су мәселесі