- Басты
- Жаңалықтар
- Жамбыл облысында «Жуалы батырлар өлкесі» акциясы өтті
Жамбыл облысында «Жуалы батырлар өлкесі» акциясы өтті
Бағдарлама аясында 6 жобаны жүзеге асырылуы жоспарланып жатқанын хабарлады.
« «Білім және тәрбие» бағдарламасы аясында «Жуалы батырлар өлкесі» тарихи сабақтар өткізу және ауданның тарихымен кеңінен таныстыру және барлық білім мекемелерінде «Бауыржан ұландары» тақырыбында әскери патриоттық үйірмелер ұйымдастыру жоспарлануда», - деді ол.
«Рухани қазына» бағдарламасы аясында аудандық кітапхана қызметкерлері арасында «Мамандығым мақтанышым» атты конкурс, «Кітапханаға сый жаса» атты оқырмандар арасында кітап қорын толықтыруға арналған қайырымдылық акциясын, «Жуалы – жыр құшағында» тақырыбында Республикалық дәстүрлі ән орындаушылар арасында конкурс өткізіледі. «Атамекен» бағдарламасы аясында «Жуалылықтар абырой тұғырында» атты кітап шығаруды көздеп отыр.
Айта кетерлік жайт, ауданда 12 сәуірден бастап Мемлекет Басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын аудан аумағында ілгерілету мақсатында 274 іс- шара өткізілді. Оның ішінде 156 кездесу, 48 жиын, 36 «дөңгелек үстел» отырысы, 25 семинар, 6 акция, 2 автокеруен, және т.б, ақпараттық іс-шаралар.
«Осы іс-шараларға 4800-ден астам адам қамтылды. Жоғарыда аталған іс шараларға аудандық үкіметтік емес ұйымдар кеңінен тартылған. Жалпы бұл бағдарламаның жүзеге асырылуында үкіметтік емес ұйымдардың ықпалы жоғары. Жуалы ауданында бүгінде 18 үкіметтік емес ұйымдар бар», - деді аудан әкімі.
" Кітапханаға сый жаса» атты кітап қорын толықтыруға арналған қайырымдылық акциясы аясында кітапханаларға Аягүл Миразованың «Алтын жұлдызды ұстаз» (жинақ) атты 10 дана кітабы сыйға тартылды.
Кітапханаларға сыйға тартылады деп күтілетін кітап данасы 2018 жылы 100 кітап, 2019 жылға 150 кітап, 2020 жылға 200 кітап жоспарлануда" , - деп қорытындылады аудан әкімі
-
Қосшы қаласында «Алтын домбыра» айтысы өтті -
Маңғыстау облысында коронавирустық инфекцияның таралуын болдырмау шаралары -
"Рухани жаңғыру": Елордада қазақ тіліне аударылған 100 оқулықтың таныстырылымы өтті -
Б.Байжұманов: Алматы облысында коронавирус жұқтырғандар саны азайды -
ІІМ: Жамбыл облысындағы жарылыс және балалардың жолдағы қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері -
Жамбылдағы жарылыс: себеп пен салдар -
Жамбыл облысы: Аурудың жоғары деңгейі облыстың барлық қаласы мен ауданында байқалуда -
Жамбыл облысы тұрғындарының табысын көбейтуге бағытталған пилоттық жоба қалай іске асуда -
Эпидемиолог: Жамбыл облысында вакцина алғандардың саны күн сайын артуда -
Президент тапсырмалары Жамбыл облысында қалай орындалып жатыр -
Түркістан облысында қандай мәдени, спорт және туристик нысандар бой көтереді -
Елордада «Адамзатқа қызмет ететін ғарыштық технологиялар» тақырыбында дөңгелек үстел өтті -
Рухани жаңғыру: Павлодар облысында фестиваль өтті -
«Айбынды ардагерлер» акциясы өтті -
Елордада «Жеңіс салтанаты» концерт-спектаклі өтті