Павлодар облысы ТЖ қызметі мұз өткелдерін ашуға дайындалуда

10 Қаңтар, 2014 12:23
Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері Ертіс өзеніндегі мұз өткелдерін ашуға дайындалып жатыр, деп хабарлайды ҚР ТЖМ ресми порталы.

«Өткел салынатын аймақтарда су-құтқару қызметкерлері мұздың төзімділігін тексеру жұмыстары жүргізілді. Павлодар ауданы Григоревский ауылдық округінде және Жаңа қала ауылында арнайы құрылған комиссия ауыл шаруашылығы жұмыстарына пайдаланылатын мұз өткелдерін салатын жерлерді анықтады», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, су акваториясы патрулі мен рейдтері тұрақты ұйымдастырылады, табиғи апаттар орын алу мүмкін жерлерге техниканы жібермеу бойынша жергілікті атқарушы органдармен біріккен қызметтер атқарылады.

Барлық жаңалықтар