• Басты
  • Баспана мәселесі: Қазақстанда қолжетімді тұрғын үйге қалай қол жеткізуге болады
5 Қазан, 2017 11:59

Баспана мәселесі: Қазақстанда қолжетімді тұрғын үйге қалай қол жеткізуге болады

Баспана мәселесі елдегі ең өзекті мәселелердің бірі. Өз үйіңе қол жеткізу – жаңа, жақсы өмірдің бастамасы. Сондай-ақ, несиелендіру мәселесі де маңызды, себебі аз уақыттың ішінде барлығы қажетті соманы жинай алмайды. Мемлекет бұл мәселеге қалай жәрдемдесіп жатқанын «Strategy2050.kz» АА-дан оқи аласыз.

Баспана мәселесі: Қазақстанда қолжетімді  тұрғын үйге қалай қол жеткізуге болады | Strategy2050.kz

Қазақстанда әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі азаматтарды қолжетімді және сапалы тұрғын үймен қамтамасыз ету болып табылады. Ол үшін «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін құру туралы» ҚР Үкіметінің қаулысы негізінде 2003 жылы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ құрылды. Бүгінде «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ елімізде тұрғын үй құрылыс жинақтары жүйесін іске асыратын жалғыз банк болып табылады. Еліміздің басты банкінде тұрғын үй бойынша қандай жаңалықтар барын және оның шарттары туралы «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өкілдері агенттігіміздің ресми сұратуына жауап беру барысында айтып берді.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі бүгін

2017 жылдың 1-тоқсанында Банк тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы шарт жасау үшін алынатын комиссияны және шарт сомасын ұлғайту үшін алынатын комиссияны алып тастады. Бұл күніне ашылатын депозиттердің үш есе өсуіне әкелді. 

Бұрын аталған қызметтерді көрсету үшін алынатын комиссиялық алым мөлшері шар  сомасынан және депозиттің ұлғаю сомасынан 0,55% құраған болатын. Осылайша, комиссия төлеу пайызын төмендету үшін көптеген салымшылар шарт жасау кезінде 1 миллион теңгеден аспайтын шарт сомасын белгілеген, бұл тұрғын үй сатып алу үшін бастапқы жарнаны жинақтауға мүмкіндік бермейтін. Сол себепті уақыт өте келе, шарт сомасын ұлғайту туралы мәселе қозғала бастады, бұл комиссия төлеуді талап етті.

2017 жылғы 1 тамыздан бастап Банк бұрын қолданыста болған барлық тарифтік бағдарламаларды бір бағдарламаға біріктірді. «Бастау», «Өркен», «Кемел» және «Болашақ» төрт бағдарламасын «Баспана» тарифтік бағдарламасы ауыстырды. 

Ол анағұрлым икемді және бұрынғыдай қатаң белгіленген жинақтау мерзімін көздемейді. Яғни Банк салымшысы енді қанша жыл жинақтайтынын және тұрғын үй қарызын қандай пайызбен алатынын өзі шеше алады. Алайда, ең төменгі мәнді сақтау қажет – бұл үш жыл жинақтау мерзімі және бағалау көрсеткішін 16 мәніне дейін жеткізу. Осы жағдайда Банк клиенті жылдық 5% мөлшерлемемен тұрғын үй қарызына үміткер бола алады. Егер ол 4 жыл жинақтаса, онда бағалау көрсеткіші 20-ға дейін артады, ал қарыз бойынша пайыздық мөлшерлеме 4,8%-ға дейін төмендейді.

Пәтер сатып алудың жаңа мүмкіндігі

«Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ өз қызметі барысында көрсетілетін қызметтерін және олардың сапасын үнемі жетілдіріп отырады. Таңдау қолайлылығы және тұрғын үйді бөлу процесінің ашықтығы үшін әзірленген БАСПАНА.KZ порталы соңғы енгізілген жаңалықтарының біріне айналды. Ол клиенттерді, құрылыс компанияларын және мемлекеттік органдарды бірыңғай дерекқорда бір тұғырнамаға біріктіреді.  

Банкте хабарлағандай, порталда салымшылар өздерін қызықтырған құрылыс объектісін таңдап, мемлекеттік бағдарламаға қатысуға өтінім бере алады.

«2005 жылдан бастап Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі тұрғын үй құрылысына қатысты барлық мемлекеттік бағдарламалардың негізгі операторы болып табылады. Қазіргі уақытта Банкте ашылған салымдар саны миллионға жақын. Осы ретте, банктің әрбір үшінші салымшысы мемлекеттік бағдарлама аясында тұрғын үй сатып алуды жоспарлайды. Биылғы жылдың соңына дейін мемлекеттік бағдарламалар бойынша 12 мыңнан астам пәтерді пайдалануға беру күтілуде. Қазіргі уақытта банктің 240 мыңға жуық клиенті «ЖССБ24» интернет-банкингін қолданады. Осы ретте, барлық пайдаланушылар автоматты түрде БАСПАНА.KZ пайдаланушыларына да айналады», - делінген сұратуға жауапта.

Банк келесі кезеңде БАСПАНА.KZ арқылы «Өз үйің» сияқты басқа да өз бағдарламалары аясында тұрғын үйді іске асыруды жоспарлап отырғаны белгілі болды.

Сондай-ақ Банк 2017 жылғы 3-тоқсанда Алматы қаласының жастарына арналған тұрғын үй бағдарламасын іске қосуды жоспарлап отыр.

Бұдан бөлек, Банк қазақстандық әскери қызметшілер үшін бағдарлама әзірлеуде, ол 2018 жылы іске қосылады. Қазір Мәжілісте «Әскери қызметшілерді тұрғын үймен қамтамасыз ету туралы» заң жобасы қаралуда.

Тұрғын үй құрылыс жинақ  банкінің несиелеу шарттары

Өздеріңіз білетіндей, егер сіз банк арқылы басмпаналы болғыңыз келсе сіздің тұрғын үй құрылыс жинақтары туралы келісімшартыңыз болуы міндетті. Жалпы, жинақ сомасы - келісімшарт сомасының кемінде 50% құрауы тиіс. Салым жинақтаудың ең төменгі мерзімі - 3 жыл. Салымды толықтыру мерзімі - ай сайын. Ал, несие бойынша мөлшерлеме жылдық 3,5% - 5% (Жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі * жылдық 3,6%-дан бастап) құрайды.

Бүгінде тұрғын үй жинақ сомасы баспана құнының 50% құраған болса, банк аралық займды пайдалануды ұсынады. Сонымен, несие бойынша мөлшерлеме: жылдық 7,5%-дан (ЖТСМ – жылдық 8,9%-дан) басталады. Ал, «Нұрлы жол» бағдарламасы шеңберінде жылдық 5%, (ЖТСМ* –жылдық 5,3%-дан) құраса, «Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасына» қатысушылар үшін жылдық 6,5%, (ЖТСМ* – жылдық 7,2%-дан) көрсетіп отыр. 

«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы

Нұрлы жер бағдарламасына қатысу үшін өтініш беруші-қатысушыда, соның ішінде жергілікті атқару органдарының кезегінде тұрушыда қолданыстағы тұрғын үй құрылыс жинақ шарты болуы керек немесе ашуы қажет.  «Тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысы» бағыты бойынша.

Жергілікті атқару органдары (бұдан әрі – ЖАО) арқылы кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыру кезінде, таза әрлеудегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны:  Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 180 мың теңгеге дейін (инженерлік желілер құны қосылмаған); қалған өңірлерде (инженерлік желілер құны қосылмаған) 140 мың теңге.

Екінші деңгейлі банктерге уағдалы салымдарды орналастыру арқылы тұрғын үй, соның ішінде кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда, таза әрлеудегі тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны:  Астана, Алматы, Атырау, Ақтау қалаларында 200 мың теңгеге дейін; қалған өңірлерде 180 мың теңгеге дейін.

Квазимемлекеттік сектор субъектілерінің кепілдігімен халықаралық қаржы институттарының қаржысын тарту есебінен тұрғын үй, соның ішінде кредиттік тұрғын үй құрылысын қаржыландыруда, таза әрлеудегі 1 шаршы метріне құрылыстың және тұрғын үйді, соның ішінде кредиттік тұрғын үйді өткізудің бағалық параметрлері жобаның табыстылығына және қарыз қаражатының қайтарымдылығына сүйене отырып анықталады.

Ал, «жеке тұрғын үй құрылысын дамыту» бағыты бойынша тұрғын үйдің 1 шаршы метрінің құны 120 мың теңгеден аспауы тиіс  (инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым (бұдан әрі – ИКИ) құны ескерілмеген). Салынған үйді өткізу кезінде ИКИ шығындары жалпы құнға қосылады.

Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі статистикасы

Биылғы жылдың  8 айының  қорытындысы бойынша ТҮҚЖБ-де  236 048 келісім  тұрғын үй жинақталымы бойынша ашылды.  2016 жылдың  8 айында  160 916 жаңа келісім ашылған болатын, өткен жылдың  қорытындысы бойынша Банкте  292 116 депозит ашылды.

ТҮҚЖБ 25 237 несие тұрғын  үй жағдайын жақсарту үшін берілді. Қарыздың ортақ құны  168,1 млрд теңгені құрап отыр. Өткен жылы 73,7 млрд теңгенің  13 707 қарыз берілді.

Қазіргі таңда  банкте  978 467  әрекеттегі келісім шарт бар,  оның ортақ сомасы  473,4 млрд теңгеге тең. Орташа есептік  қорытынды сомаға салымшы депозит ашады – ол 5,1 млн теңге. Өткен жылы бұл 3,8 млн теңге, 2015 жылы  2,1 млн теңгеге тең болған болатын.

«Нұрлы жер» бағдарламасының статистикасы

Биылғы жылы «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша 10,2 млн шаршы метр тұрғын үйді беру жоспарланған, оның ішінде мемлекеттік инвестиция саласында 1,5 млн шаршы метр бар.

Ресми ақпарат бойынша  7 ай ішінде  қаржыландырудың барлық көздері бойынша пайдалануға  6,2 млн шаршы метр теңге бөлінді.  Тұрғын үйлердің  ортақ алаңы 2016 жылдың көрсеткішімен салыстырғанда  8,2 пайызға артық.

Республика бойынша пайдалануға  53 949 бірлік үй, оның ішінде: 16 446 жеке үй немесе  37503 пәтер  пайдалануға берілді.

Құрылысты қаржыландыруды қамтамасыз ету үшін әкімдіктер несиелік тұрғын үй құрылысына  2016 жылы «Бәйтерек» ҰБХ арқылы Ұлттық қор  арқылы  67 млрд теңге бөлді, оның  56,9 млрд теңгесі игерілді.

Бөлінген қаржыға  2016-2018 жылдары 623,9 мың шаршы метр тұрғын  үй салу жоспарланған.  1 тамыздағы жағдайға сәйкес, пайдалануға  173,1 мың шаршы метр пайдалануға берілді.

2017 жылы  жалға беру баспанасының құрылысына 25 млрд теңге көлемінде мақсатты трансферт бөлінді.

Өңірлер бойынша 1 тамызда 10,4 млрд теңге игерілді. Биыл  150 мың шаршы метр тұрғын үйді енгізу жоспарланған.

Қорытынды бағыттар бойынша

«ҚИК» АҚ бюджеттік қаржы есебінен  құрылыс пен жалға  алу баспанасына 163,3 млрд теңге бағыттады.

Жалға алу тұрғын үйі бойынша  15247 пәтер сатып алынды.

Жаңа бағыттар бойынша

Бағдарлама аясында жеке үйлерді салу қаржы аясында бірыңғай сәулет пішінімен салу  ЖАО арқылы несиелік баспана салуға бағытталып отыр.

Министрлік  6 типтік  жобаны  үй құрылысы мен  өңірлерде қолдануға бағыттады.

Биылғы жылдың шілде айынан бастап заңды актілерді қабылдау қарастырылып отыр.

10 банк  халыққа  жеңілдікті несие беруге  дайын екенін айтты. Олар:  «БанкЦентрКредит» АҚ, «АТФБанк» АҚ, «Сбербанк» АҚ, «BankRBK» АҚ, «ЖССБК» АҚ, «Цеснабанк» АҚ, «Теngri Bank» АҚ , «KASSA NOVA BANK» АҚ,  «Банк ВТБ» АҚ, «Нурбанк» АҚ.

Ипотекалық портфель көлемі  2017 жылы  30 млрд теңгеге болжанып отыр, ол 2000 қарыз беруге мүмкіндік береді.

Қорытындылай келе, мемлекет тұрғын үй бойынша бас банкті ынталандыра отырып, барлық халықты баспанамен қамтуды қарастырады. Екінші дәрежедегі банктер  несие жүйесін жеңілдетуді қарастыруда. Қазіргі таңда «Құрылыс жинақ банкә» АҚ ел халқына тиімді мекеме болып отыр.

Қайрат Жандыбаев 

ҰСЫНЫЛАДЫ
дерекнама 2050

ШОБ ЖІӨ көлемінің 50 пайызынан артығын өндіреді

Еңбек өнімділігі 126 мың долларға дейін көтеріледі 3-тен 6 жасқа дейінгі балаларды 100 пайыз мектепке дейінгі біліммен қамту

Қазақстан өз нарығын жаңа экологиялық стандарттарға сай келетін жанар-жағармаймен толықтай қамтамасыз етеді

Жалпы экспорт ішінде шикізат емес экспорттың көлемі екі есеге, 2040 жылы үш есеге артады

Әліпбиімізді латын қарпіне көшіру ісі басталады

Қазақстандықтардың 95 пайызы қазақ тілін меңгеруі тиіс

15 пайыз егістік алқаптарына суды үнемдеу технологиялары енгізіледі

Халықты ағын сумен қамту мәселесі шешіледі

Адам басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 60 мың долларға көтеріледі

ҚР тұрғындарының үлесі халықтың 70 пайызын құрайды