Қызылорда облысында тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде

5 Қазан, 2017 11:37
Бүгінде Қызылорда облысы тұрғын үй құрылысынан республикада өңірлерінің арасында көш бастап келеді.

Облыс әкімдігі  хабарлағандай,  құрылыс тек облыс орталығында ғана қарқын алып тұрған жоқ, аудандарда да бұл бағытта байырқалы іс бар. Мысалы, Қазалы ауданының Әйтеке би кентінде 150 төсектік орталық аудандық  аурухана салынуда. Құрылысы өткен жылы басталған нысанды  жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған. Сонымен қатар, Арал қаласында 150 төсектік орталық аудандық  аурухана құрылысы басталды. Қызылорда қаласында облыстық архив құрылысы жүргізіліп, жыл соңына пайдалануға беру көзделіп отыр.

«Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы арқылы 3 мектеп бой көтеруде. Үстіміздегі жылдың тамыз айында Жаңақорған ауданының Төменарық және Нәлібаев ауылдарында 300 орындық мектептер қолданысқа берілді. Мұнымен қоса республикалық бюджет қаржысы есебінен облыста Жаңақорған, Арал, Қазалы аудандарында 300 орындық 4 білім ошағының құрылысы басталды.  

Қызылорда қаласындағы Жаппасбай батыр көшесіндегі және Титов ауданындағы 14 үйдің құрылысы аяқталып, қазіргі уақытта пәтерлерге тұрғындар қоныстануда.

Соңғы үш жылда Қызылордада жалпы ауданы 376,3 мың шаршы метрді құрайтын тұрғын үйлер пайдалануға беріліп, 5 мыңға жуық жерлесіміз қоныс тойын тойлады.

Барлық жаңалықтар