- Басты
- Жаңалықтар
- Қазақстанда алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылуының 60 жылдығын тойлауда
Қазақстанда алғашқы жасанды Жер серігі ұшырылуының 60 жылдығын тойлауда
1957 жылы 4-қазанда, осыдан тура 60 жыл бұрын жердің алғашқы жасанды жер серігі ұшырылды.
«Қазақстан үшін бұл оқиғаның маңызы өте зор. Себебі, қазақ жерінен – «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ғарыштық дәуірдің басталуына даңғыл жол ашылды», - делінген хабарламада.
Осы мерейлі датаға орай ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бейбіт Атамқұлов байқоңырлықтарды айтулы мерекемен құттықтап, «Байқоңыр» кешенін салуға және оның ары қарай жұмыс істеуіне атсалысқан барлық мамандар жұмысының елеулі екенін жеткізді.
Салтанатты шара барысында ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі атынан «Байқоңыр» кешенін дамытуға үлес қосқаны үшін және Жердің алғашқы жасанды жер серігінің ұшырылуына 60 жыл толуына орай Роскосмос және Қазғарыш өкілдеріне, Байқоңыр қаласы әкімшілігі мен Қызылорда облысы әкімдігінің қызметкерлеріне, сондай-ақ еңбек сіңірген ардагерлер мен БАҚ өкілдеріне құрмет грамоталары табысталды.
Күннің бірінші жартысында Қазғарыш басшылары мерекелік митингке қатысып, Жердің алғашқы жасанды жер серігінің ұшырылу құрметіне орнатылған ескерткішке гүл шоқтарын қойды.
Сонымен бірге ҚР Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің құрамы, оның ішінде Вице-министр Марат Нұрғожин мен «Қазақстан Ғарыш Сапары» ҰҚ» АҚ-ның Вице-президенті, Халық қаһарманы, ұшқыш-ғарышкер Айдын Айымбетов Мәскеуге шақыртылып, 60 жылдыққа орай өткізілген мерекелік шараға қатысты.
-
Жергілікті қамтуды дамыту: Инвестиция қоры, қосылған құн салығы мен мұнай-газ саласы -
ДСМ: Қазақстанда коронавирус жұқтыру 2,4 есеге азайды -
Қазақстанда ревакцинациялау науқаны басталды -
АШМ: Қазақстанда дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарды жинау аяқталды -
Қазақстанда Pfizer вакцинасымен кімдер егіледі, қайда және қалай жүзеге асады -
Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілді -
COVID-19: Министр Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайға жаңа болжам айтты -
«Болашақ бүгіннің өзінде»: Қазақстанда Нобель фестивалі өтеді -
Қазақстанда цифрлық трансформация көшбасшыларын даярлау жоспарлануда -
Қазақстанда дизель отынының бағасы неге күрт өсті -
Қазақстанда мүгедектігі бар адамдар қандай әлеуметтік көмек алады -
COVID-19: Қазақстанда 8 млн-ға жуық азамат вакцина салдырды -
Қазақстанда дизель отынының бағасы қанша -
Мүгедектік және асыраушысынан айырылғандарға 260 млрд теңге жәрдемақы төленді -
Қазақстанда халықты емханаға тіркеу науқаны қашан басталады