• Басты
  • Жаңалықтар
  • ҚР АШМ: пестицидтердің сапасын тіркеуден кейінгі бақылау енгізіледі (ВИДЕО)

ҚР АШМ: пестицидтердің сапасын тіркеуден кейінгі бақылау енгізіледі (ВИДЕО)

5 Қазан, 2017 09:32
Сапалы пестицидтердің қолданылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында, өткізілетін пестицидтердің сапасы мен сәйкестігін тіркеуден кейінгі бақылау енгізіледі. Бұл туралы "Атамекен" ҰКП алаңында Агроөнеркәсіп кешенінің даму карталарын талқылау барысында белгілі болды.

Өсімдіктерді қорғау құралдарын өндіру картасында ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің арамшөптермен, зиянды ағзалармен күресуге арналған пестицидтер мен биопрепараттарды сатып алуға арналған шығындарын субсидиялау қамтамасыз етіледі. 

«Біз өңірлерде фитосанитариялық іс-шараларды жүргізу бойынша талдау жүргіздік. Мемлекет аса қауіпті және зиянды карантиндік объектілерге қарсы іс-шараларды жүзеге асыруда», - деді ҚР АШМ ВФҚД фитосанитариялық қауіпсіздік басқармасының басшысы  Абдуллин Арман.   

ҚР АШМ ақпараты бойынша, сапалы пестицидтердің қолданылуын қамтамасыз ету және ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің мүдделерін қорғау мақсатында, өткізілетін пестицидтердің сапасы мен сәйкестігін тіркеуден кейінгі бақылау енгізіледі. 

 

Ақбота Күзекбай

Видео Азамат Әлиев

Барлық жаңалықтар